16 января, 2017 12:07
Приобрели: 59 раз
Дебат
Мақсаты: Оқушылардың жан дүниесіне адамгершілік құндылықтарды, ізгі ниетті, танымдық ой қалыптастыру.
Міндеттері:
- Оқушыларға әлемде мейірімділік бар екендігі туралы түсініктерін дамыту;
- Оқушыларға адамның жүрегі мейірімділікке толы болу керектігін ұғындыру;
- Оқушыларды мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелеу;
Жоспар
- Топтардың таныстырылуы, спикерлер тағайындау;
- Мұғалімнің сөзі;
- Спикерлердің сөзі (3 минуттан)
- Жақтаушылардың сөзі;
- «Мейірімділік әлемі» атты коллаж дайындау;
- Сарапшылардың сөзі;
- Бейнероликтер көру:
- Қорытынды;
Адамды сүю адам танудан басталады. Адам тану – адамзат арасындағы қарым-қатынас мейірімнен бастау алады. Ал адамға сүйіспеншілік, мейірімділік, қайырымдылық – ең әуелі әркімнің отбасынан басталады.
Мейірімділік – адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады.
«Мейірімділік махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады»
Ж.Баласағұн бабамыз «Кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең – мейірімділік көресің» деп мейірімділікке зор мән берген.
«Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығында да терең мағына бар. Мейірімділіктің шуағын ең бірінші анадан аламыз. Себебі бала үшін бәрін жиған, бала үшін бәрін қиған, адам баласына ой берген, сана берген, ақыл берген – ана. Баласын алтыным, асылым деп, аман болсын деп күні-түні баласының қамын ойлаған ана жүрегі не деген құдіретті, жаны неткен мейірімді. Ана – әлемдегі ең мейірімді жан.
- Алайда қазір отбасына, балаларына жүрек жылуын сыйламақ түгілі зұлымдықты бойына дарытып, баласын жылатып тастап кеткен аналар қаншама?
- Ал ананың жүрек жылуын, ыстық махаббатын көрмеген баладан не күтеміз?
- Ана жылуын көрмесе еліміздің болашағы болар азаматымыз қайдан болсын?
Қорытынды
Өмірде жасалған бір тамшы мейірімділік жинала келе жылғаға, жылғадан өзенге, өзеннен теңізге айналады. Сол теңізден мейірім тамшысы әрбір балаға жетіп жатса ұлтымыздың ертеңі айқын, болашағы анық болмақ.
жақсы
өте керемет,маған ұнады