ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА Б¥ЙЫМДАРДЫ КЕШЕНДІ ЖОБАЛАУ

13 декабря, 2017 21:43

Комплекті өнімдерді жасаудағы дизайнер жұмысы ретпенен дамитын творчестволық процесс, өнімнің форма құру ережелерінің ерекше жүйесіне негізделеді.Форма жасау теориясы білімнің біртұтас жүйесі, өндіріс формаларын құрудың өзара байланысты ережелері мен принциптері.

 

Курс мақсаты — студентті түсінік жүйесімен, теориялық ережелермен, сатылық реттікпен таныстыру, олар комплекті өнімді көркем құрудағы эдіспен көрсетілген.

Курс міндеті — студенттерді қазіргі заман талабына сай идеяларды өндіру тәсілдеріне үйрету және этноматериалды мәдениетпен таныстыру. Ол өнеркэсіп дизайнының қазіргі заманғы бағыттарын қалыптастыру үшін қажет.

Осы пэнді оқу барысында болашақ маманкомплексті жобалаудағы қазіргі заманғы багыттарды білуі қажет.

Қабылдаған шешім мен тұжырымдарды жинақтап,талдап іске асырабілуі қажет;

— болашақ өнімді немесе өнеркәсіп заттарын біртұтас көркемдік бейне, композиция,конструкция ретіндегі жиынтық етіп көрсете білу және оның технологиясын көрсете білу;

өзінің жобаларында өнеркәсіптегі гылыми-техникалық процесс жетістіктері мен ұлттық-аумақтық ерекшеліктерді қолдана алуы қажет;

өзіндік білімін жетілдіруі қажет;

алга қойылган міндетті шешуде творчествалық ізденіс көрсетуі керек.

Өнеркәсіп дизайнының эртүрлі саласындагы комплекті бұйымдарды жобалап,ойлап табуға қабілетті болу керек.

Пәннің пререквизиттері: «Композиция I», «Түстану», «Арнайы сурет I», «Материалдық мәдениет жэне дизайн тарихы».

Пәннің постреквизиттері: «Техника және өнеркэсіптік дизайн тарихы», «Заманауи дизайн».

Сабақтар лекция жэне семинар ретінде өтеді.

Курс 1 семестрға арналған. Оқу барысында студенттер мұғалім берген тақырыптарга реферат жэне курстық жұмыс дайындайды.

 

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
Кіріспе

Бағдарламамен өндіріс өніміне қойылатын көптеген әлеуметтік- экономикалық, эргономикалық, техника-экономикалық және эстетикалық талаптар қаралады.

Багдарламада білім жүйесінің ең маңызды аспектілері қарастырылған: комплекті өнімдердің формақұрушы факторлары, типологиясы мен классификациясы, композициялық жұмыстың заңдылықтары мен принциптері.

Оқытудың негізгі принципі — әртүрлі өнеркәсіп өнімдер комплектлерінің [ жобасын жасап,эскизін эзірлеу мен курстық жобаны орындау:

—      ыдыс комплектін жобалау;

—      жиһаз комплектін жобалау мен эскиз әзірлеу (ас-үйлік, жұмсақ, ықшамды, эртүрлі гарнитурлар);

—      киім комплектілерін құрастыру (спорттық киім, арнайы киім, эртүрлі қызмет саласы үшін униформа).

Бағдарламамен комплекті жобалаудың үш жобасының бірі ұсынылады.

Жұмысты орындау барысында эскизді,сызбаны дайындау,экспозицияны компьютерлік графика немесе қолмен орындау әдісін пайдаланып құрастыру,көлемді макеттерді түрлі материалдармен масштабта немесе өз көлемімен жасауды енгізу керек.

0.     Комплекті өнім түсінігі. Комплекті өнімнің типологиясы мен

классификациясы

Комплекті өнімдерге қойылатын техникалық-эстетикалық талаптар. Адам қажеттіктері динамикасын зерттеу. Өндірілген өнімді бағалау. Белгілі өнімдердің даму бағытын зерттеу. Лабораториялық жагдайда эксперименталды үлгілерді тексеру. Осы үлгілерді тұтынушылар пікірін зерттеу арқылы тексеру.

Белгілі комплект өнімдерінің ерекшеліктері (ыдыс, жиһаз, киім, электротұрмыс заттары, машиноқұрылыс пен транспорт өнімдері).

1.     Комплекті өнімдердің форма кұру әлеуметтік-экономикалық аспектілері

Дүниежүзілік тэжірибе өнімдердің комплекті жобалауында. Шетелдегі белгілі бір өнім топтарының дамуы туралы мысалдар.

Комплекті өнімдерге қойылатын әлеуметтік-экономикалық талаптардың есебі. Экспертиза мен комплекті өндіріс өнімдердің сапасын комплексті багалау.

Өнім экспертизасы: қогамдық-қажетті өнімдер, техникалық мінсіздік, эстетикалық қасиеттер, қолдану ыңғайлылығы, экономикалық қажеттік. Өнім

 

бағасы: өнім сапасы туралы қорытынды. Стандартты қайта қарау туралы ұсыныстар, жаңа өнімдерді құру бойынша ұсыныстар.

2.    Комплекті өнімнің форма құруының заңдылықтары мен технологиясы

Өндіріс өнімдерінің форма құру заңдылықтары. Өнім функциясының форманың жасалуына әсер етуі. Өнімдерді жобалауда форма құру факторларын ескеру.

Сериялық өндіріс өнімдеріне жаңа материалдарды қолдану жэне технологиялар.Болашақ өнімдер мен өнім комплектілері туралы түсініктеме жэне бұл өнімдердің әртүрлі тұрақтарды жабдықтағандағы комплектенуі. Шығарылған өнімдерге және біртипті өнімдердің тобына қойылатын талаптар. Үздік номенклатурасын кұру жэне белгілі бір кезеңге есептелген өнімнің үздік ассортименті.Зат формасының қолданылған материалға, конструкция мен өндіріс технологиясына тэуелді болуы.

3.    Ыдыс

Ыдыс комплектін жобалау(шәй және асханалық сервиздер). Өнім қажеттігі жэне оны қолдану ерекшеліктері. Өнім функциялары (ыдыстың көпфункционалдығы) жэне оның формалары. Ыдысты мінсіздікке жеткізу багыттары.

4.    Жиһаз

Жиһаз комплектін жобалау(асхана,кіреберіс,офистік жиһаздар). Өнім қажеттігі жэне оны қолдану ерекшеліктері. Өнім функциялары (Жиһаз көпфункционалдыгы) және оның формалары. Жиһазды мінсіздікке жеткізу бағыттары.

5.    Киім

Киім өнеріндегі «комплект» ұгымы.Киімнің сәндік үлгілерінің қалыптасып шығу тарихы.Комплектілерді жобалау.Комплектіде бұйымдарды топтау принциптері.Комплектінің                        функционалды-эргономикалық

анықталуы.»Гардероб» ұғымы жэне ерекше бір бұйымды комплектіге енгізу әдісі.Стильдік жағдайдағы комбинаторика әдісі.Белгілі бір бұйымды енгізу кезінде комплектінің өзгеруі.

6.    Ас-үй жабдығы

Ас-үй жабдығының комплектін жобалау (асүйлік комбайындар, тоңазытқыштар, ыдыс жуатын машиналар және т.б). Өнім қажеттігі және оны қолдану ерекшеліктері. Ас-үйлік жабдықтардың функциялары (олардың көпфункционалдығы) және формалары. Ас-үйді мінсіздікке жеткізу бағыттары.

 

7.    Сантехникалық кұрал-жабдықтар

Сантехникалық құрал-жабдықтар комплектін жобалау. Өнім қажеттігі жэне оны қолдану ерекшеліктері. Сантехникалық құрал-жабдықтар функциялары (Сантехникалық құрал-жабдықтардың көпфункционалдығы) жэне оның формалары. Сантехникалық кұрал-жабдықтарды мінсіздікке жеткізу бағыттары.

8.    Көлік

Машинақұру өнімдері мен көлік құралдарының комплектін жобалау. Өнім қажеттігі жэне оны қолдану ерекшеліктері. Машинақұру өнімдері мен көлік кұралдарының           функциялары (Машинакұру өнімдері мен көлік

құралдарының көпфункционалдығы) жэне оның формалары. Машинақұру өнімдері мен көлік құралдарының мінсіздікке жеткізу бағыттары.

9.         Комплекті жобалаудың ұлт-аумақтық ерекшелігі

Көшпелі мәдениеттің дэстүрлі өнімдері. Ықшамды жиһазды жобалау. Бала төсекшесі «бесік». Дәстүрлі киім (әйелдің, еркектің, баланың). Қалыңдықтың той киімі. Бас киімдер. Аяқкиім. Зергерлік бұйымдар. Жылқы жабдықтары (сәнді заттар). Ыңғайлы тұрақ — киіз үй. Киіз, ши, мата бұйымдары, баскұрлар, бау жэне т.б.

Өнеркәсіп өнімдерінің дизайнында ұлттық-аумақтық ерекшеліктерді кұру мақсаттары.¥лттық-аумақтық ерекшеліктерді ескере отырып, жаңа комплектілерді шығару міндеттері. Қазақстан нарығының дамуына сәйкес комплекті өндіріс өнімдеріне қойылатын функционалды, элеуметтік — экономикалық, эргономикалық, технико- экономикалық, эстетикалық талаптарды оқу және есептеу.

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ БОЛЖАЛДЫ

ТІЗІМІ 1 2 3 4 5

1. Эскиз эзірлеу және ыдыс комплектінің конструктивті шешімі (шәй, асханалық сервиз).
2. Эскиз эзірлеу және жиһаз комплектінің конструктивті шешімі (ас-үй, кіреберіс,офис).
3. Эскиз эзірлеу және киім комплектінің конструктивті шешімі (еркек, әйел, бала киімі).
4. Эскиз эзірлеу және ас-үйлік кұрал- жиһаз комплектінің конструктивті шешімі (ас-үйі комбайны, мұздатқыш, ыдыс жуатын машина).
5. Эскиз әзерлеу жэне сантехникалық заттардың конструктивті шешімі (раковина, ванна болмесі, унитаз, ванна болмесі үшін кұрал).

 

1.    Эскиз әзерлеу жэне машинақұру,көлік құралдарының конструктивті шешімі (ауылшаруашылық машиналары, автомобиль, теміржол, авиация көлігі).

2.    Эскиз әзірлеу және көшпелі мэдениеттің дәстүрлі бұйымдары (ықшам жиһаз жобалау. Бала төсегі-бесік). Дэстүрлі киім (еркек, әйел, бала киімі). Қалындықтың той киімі. Бас киімдер. Аяқкиім. Зергерлік бұйымдар. Жылқы жабдықтары. Ықшам тұрақ — киіз үй.

Пэнді оқытудаіАійо САО, ЗЭ МАХ, Согеі ЭКА\Ү, Рһоіо 8һор программалары пайдаланылады

Типтік бағдарлама мазмұны бұл міндетті минимум, ал жұмыс багдарламасына пэнге арналған кредит (сағат) көлеміне байланысты қосымша тақырыптарды енгізуге болады

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля