Дизайнерге арналған сөздік анықтама. (У)(Ү)(Ұ)

21 января, 2018 15:11

Урбанизм (фр. игЪапізте — қалалық) — XX ғасыр сәулет теориясы мен эстетикасының бағыты. Бұл бағыттың өкілдері қазіргі кезеңнің эстетикалық санасының негізі қалалық өмір бейнесі болып табылады дейді. Бүкіл дүние жүзінде осы бағыт халықтың бір-бірімен қоғамдық-мәде- ни жағынан жақындасуына мүмкіндік береді. Ортаның эстетикалық ұйымдастырылуы «интернационалдық стильде» құрылады. Урбанизм концепциясы жайлы француз сәулетшісі және эстеті Ле Корбюзье (1887-1965 жж.) өзінің «Урбанизм» (1925) деген кітабында толық сипаттаған.

Ғылыми техниканың даму сеніміне сүйене отырып, ол тек қала салу реформасының көмегімен үнемділік, әсемдік сияқты қасиеттердің жеңісінің мүмкін екендігін айтты. Урбанизм қала салу масшта- бын үлкейтуге ұмтылып, олардың болашақ дамуын геометриялық тәртіп негізінде көреді. ХІХ-ХХ ғасырларда «қала-бақ» идеялары пайда болған, бұлар — қала салу- дағы дезурбанистік жолды қолдаушылар.
Уық — кереге басы мен шаңырақты жалғастыратын ағаш. Уық саны кереге басының санына қарай құба тал- дан да жасалады. Үйдің маңдайшасына алты уық байла- нады. Уықтың кереге басына байланатын жағы жалпақ-

 

тау, имектеу келеді. Мұны уьщтың иіні дейді. Уықтың жоғарғы түзу жағын — қары, шаңырақ көзіне кіріп тұра- тын төрт қырлы ұшын қаламы дейді. Уықтың кереге басына байланатын жағы тесіліп, бау өткізіледі, оны уықбау деп атайды. Көшіп-қонуда сынып қалмау үшін қаптап қоятын дорбашаны уыққап деп атайды. Уықтың ұзындығы негізінде, шеберлердің айтуынша, 3 м 40 см, 3 м 50 см болу керек. Бірақ қазіргі үйлердің уығы 2 м, 2 м 20 см-ден аспайды. Кереге ағашы сияқты уық ағашы да қозда балқытылады, тезге салынады. Уықтың бау өткізілетін тесігі уықкөз деп аталады.

 

Үрғашы жіп — керілген желі, төсек жіптің төменгі күзусіз жіптері.

 

Үзіксіз үй — киіз үйдің сүйегі үш немесе төрт туыр- лық, бір түндікпен жабылған үй. Кейде киіз үйді екі бөліп, жартысын малмен бірге жайлауға, жартысын шабындық басында керегеге киіз жауып түрып қалады. Ондай баспана күрке деп аталады.

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля