Автомобиль паркін өнімді пайдаланудың негізгі шарты

26 ноября, 2017 13:55

Оны барлық қолдану мерзімінде техникалық ақаусыз жағдайын қамтамасыз ететін ша- раларды ұйымдастыруды жолға қою. Бұл шараларға уақытында жэне мұқият техникалық қызмет көрсету, оны жөндеу және сақтауға қою жата- ды. Бұл шаралар жоспарлы-ескеру техникалық қызмет көрсету жүйесінде қарастырылған. Автомобиль паркіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесі келесі элементтерден тұрады: 1 — кэсіпорын жағдайында авто- мобильді жұмыс істетіп төселту; 2 — автомобильдердің жай-күйін анықтау және оларға техникалық қызмет көрсету; 3 — жөндеу; 4 — сақтауға қою.

 

 

Автомобилъдерді жұмыс істетіп төселтудің мақсаты — машинаның бөлшектері мен тетіктерінің жалғасқан бетіндегі бедерлерді жұмыс істетіп, тегістеп, ары қарай пайдалануда табиғи желінуін қамтамасыз ету. Ол автомобильді пайдаланудың мерзімін ұзартады. Автомобильді төселту — белгілі мерзім аралығында жартылай жүктемемен жұмыс істету. Жаңа жэне жөнделген автомобильдер төселтуден өтуге тиіс. Төселту мерзімі жэне жүктеме тэртібі зауыт нұсқауында беріледі.

Техникалық қызмет көрсету машиналарға техникалық қызмет көрсету жүйесінің негізгі элементі болып табылады, ол негізгі кешенді міндетті операциялар белгілі мерзім аралығында орындалып, машинаның қалыпты техникалық жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған. Техникалық қызмет көрсету белгілі бір тэртіп бойынша орындалуға тиіс. Кезекті техникалық қызмет көрсетуден өтпеген машинаны пайдалануға рұқсат етілмейді.

Маигинаны жөндеу. Машинаны пайдалану барысында пайда болған ақауларды жойып, бастапқы жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіру үшін қолданылады. Машинаны жөндеу тек қажет болған жағдайда жасалады, ол жоспарланбайды.

Машинаны сақтау. Кешенді-ұйымдастыру шараларын қолдану арқылы машинаны сақтауға қойғанда оның бөлшектері мен тетіктері жұмыс істемеген кезде ақаусыз сақталуын қамтамасыз ететін шара.


0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля