Білім берудің үздіксіздігі

17 января, 2018 18:21

 

Бүгінгі таңда білім саласындағы үздіксіздік, интегративтілік, регионалдылық, демократияландыру жөне плюрализация және т.б. кәсіптік білім беру жүйесі дамуының басты айқындаушы бағыттарына айналып отыр.

“Үздіксіз білім беру” түжырымдамасын түңғыш рет ЮНЕС- КО-ның форумына (1965) үсынған ең ірі теоретиктердің бірі П.Ленград болды және сол кездің өзінде-ақ үлкен теориялық және тәжірибелік қызығушылық туғызды.

Ғалым үсынған үздіксіз білім берудің қағидасы гуманистік идеяларға толы болды: ол адамның білімімен байланысты бар- лық бастамаларын басты орынға қояды жөне мүндай заңды талпыныс үстіндегі адамның қабілеттерін жан-жақты дамытуға қолайлы жағдайлар жасау оның бүкіл өмірін қамтуы тиіс. Осы арада адам өмірінің кезеңдері де басқаша қарастырылады. Сөйтіп, П.Ленград бұрыннан дәстүрге айналған адам өмірін оқу, еңбек және кәсіптік кезеңдер деп бөлушіліктен бас тартады. Оның ойынша, үздіксіз білім беру — өмір бойы жалғасын тауып отыратын заңды процесс және онда жеке бастың ғана емес, сонымен қатар адамның әлеуметтік жақтарының да, оның қызметінің де интеграциясы басты рөл атқарады.

Адам мен оның өміріне байланысты туындаған дәл осындай көзқарастарды ежелгі авторлардың еңбектерінен де табуға бо- лады. Адамзат өркениетінің бүкіл тарихын айқындап көрсететін Інжілдің, Қүранның, Мүхаммед пайғамбардың хадистерінің қүлықтық зандарының барлығы да “Адам өмір бойы үйрену керек” деген қағидаға негізделген. Үздіксіз білім беру және білімді коғам теориясының туындауына себепкер болған, біздің ойымызша, бүгінгі тандағы қоғамдастық, яғни “өлемнің бірлігі” жайындағы түжырымдама болып табылады. Ол бойынша, адамзат өркениетінің барлық қүрылымдық бөлімдері өзара тығыз бай- ланыста және бір-бірлеріне төуелді болып келеді. Мүндай жағ- дайда адам ең басты қүндылық, ретінде де, әлемде болып жатқан барлық процестердің басты үйтқысы ретінде де басты рөл атқарады.

Үздіксіз білім беру түжырымдамасын теориялық, одан кейін тәжірибелік түрғыдан негізделуіне себепкер болған үздіксіз білім берудің басты принциптерін айқындаған Р.Давенің осы сала- дағы ғылыми зерттеулері болды.

Р.Даве үздіксіз білім берудің 25 белгілерін атап көрсетеді. Ғалымның пайымдауынша, бүл белгілерді осы саладағы ғылы- ми зерттеулердің бірінші іргелі кезеңінің қорытындысы ретінде қарастыру керек. Олар төмендегі принциптерді қамтиды: адам- ның бүкіл өмірін біліммен қамту; білім беру жүйесін мектепке дейінгі төрбиеден бастап негізгі, қосымша және т.б. білім алу- дың барлық сатылары мен түрлерін қамтитын түтас жүйе ретінде қабылдау; білім беру жүйесіне оқу орындарымен қатар білім берудің формальды (түріне қарай), формальды емес және ин- ституттан тыс формаларын да енгізу; көлденең (горизонталь- дық) интеграцияны енгізу: үй — көршілер — жергілікті әлеуметтік орта — қогам — еңбек әлемі — жаппай хабарлар күралдары — рекреациондық, мәдени, діни үйымдар және т.б.; оқытылатын пәндердің өзара байланыстылығы; өмірдің түрлі кезеңдеріндегі адам дамуының (дене тәрбиесі, адамгершілік, интеллектуаль- дық жөне т.б) түрлі аспектілерінің арасындагы байланыс; вер- тикальдық (тік) интеграция; білім берудің жекелеген сатыла- рының (мектепке дейінгі, мектептегі, мектеп бітіргеннен кейінгі) арасындағы байланыстар; жекелеген сатылардың өз ішіндегі дәрежелер мен пәндердің байланысы; өмір жолының әр сатыла- рында адамның жүзеге асыратын түрлі өлеуметтік рөлдерінің арасындағы байланыс; адам дамуының сан салалы өзіндік қасиеттерінің (моральдық, интеллектуальдық даму сияқты уақыт- ша сипаттағы қасиеттер) арасындағы байланыс; білім берудің өмбебаптығы мен демократияшылдығы; білім алу үшін альтернативтік қүрылымдар үйымдастыру мүмкіншілігі; жалпы және кәсіптік білім берудің өзара үйлесімділігі; өзін-өзі бас- қаруға баса назар аудару; өзін-өзі төрбиелеуге, өз білімін көтеру- ге, өзін-өзі бағалай білуге ерекше көңіл бөлу; оқудың өзіндік ерекшеліктерін арттыру; түрлі үрпақтар (жанүяда, қоғамда) жағдайында білім алу; білімнің сапасының артуы; оқу процесінің мазмүнының, қолданылатын қүралдары мен өдістемесінің, оқу орны мен уақытының талапқа сай болуы; білім сапасына өске- лең талаптар қою, ғылымның жаңа жетістіктерін ассимиляция- лауға деген қабілеттілік; оқу қабілетін арттырып отыру; білім алуға деген ынтызарлық; оқуға қолайлы жағдайлар жасау; шығармашылық және инновациялық қадамдарды жүзеге асыра білу; өмірдің түрлі кезеңдерінде әлеуметтік рөлдерді ауыстыру жағын жеңілдету; өзіндік қүндылықтар жүйесін танып білу мен оны дамыта білу; жеке және үжымдық өмірдің сапасын жекелік, өлеуметтік жөне көсіптік даму жолдары арқылы қолдау мен жақсарту; төрбиелей де, оқыта да білетін қоғамды дамыту; белгілі бір мақсатқа жету үшін, яғни “болу” үшін білім алу; бүкіл білім беру жүйесі принциптерінің жүйелілігі.

Атап көрсетілген осы теориялық қағидалар дүние жүзіндегі (АҚЩ, Жапония, Германия, Үлыбритания, Канада, “үшінші әлем” елдері мен Шығыс Еуропа) білім берудің үлттық жүйелерін ңаита қүрудың негізіне айналды.

Үздіксіз білім беру жүйесін қалыптастыруға бағыт алу жөнінде шешім қабылданғаннан бері, Ресей Федерациясында жалпы үлттық концепция жасалған да жоқ, мүнда бар болғаны білім беруді дамытудың басты бағыттары ғана белгіленген. Әрине, орын алған дәл осы жағдайдың реформалау процесін тежейтіні сөзсіз. Олай болса мүндағы білім беру жүйесін реформалауды (қайта қүруды) инновациялық тәжірибе арқылы жүзеге асыру керек болар. Бүл жол қысқа да, жеңіл де жол емес. Сонымен қатар бүл келелі істі жүзеге асыруда шетелдік қайта қүру процестеріне төн бағыттарды да ескеру керек болар.

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля