Генератор қондырғысы туралы жалпы түсінік

2 декабря, 2017 15:49

Генератор қондырғысы автомобильдегі негізгі электр энергиясының көзі болып табылады. Ол қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде барлық электр тоғын тұтынушыларды электр тогымен қоректендіруге жэне ак- кумулятор батареясын қуаттандыруға арналған. Қазіргі автомобильдер- де айнымалы ток генераторлары орнатылған.

 

Генератор қозғалтқышқа бекітіледі жэне иінді білікпен жалғанған белбеу арқылы қозғалысқа түседі. Белгілі дәрежеде генератордың кернеуін тұрақтандырып тұру үшін түйіспелі сақиналары жағындағы қақпағында кернеу реттегіш бекітілген. Автомобиль эр 15 мың шақ. жол жүргеннен кейін генератордың жағдайын тексеріп жэне керек болған жағдайда бекітілген жерлерін тартады. Со- нымен қатар генераторға, кернеу реттеуішке жэне аккумулятор батарея- сына жалғанған жерлеріндегі сымдардың ұштықтарының тазалығы мен бекітілісінің сенімділігін тексереміз.

Вохсһ фирмасының генераторы:

1 — тегеріш; 2 — алдыңгы қақпақ; 3 — статор; 4 — түйіспелі сақиналар; 5 — артқы
қақпақ; 6 — түзеткіш жиынтыгы; 7 — кернеу реттегіш; 8 — артқы қақпақ;

9 — алдыңгы мойынтірек; 10 — артқы мойынтірек

 

Генераторды шаң мен ластан тазарту үшін, автомобиль әр 50-60 мың шақырым жол жүрген соң, генераторды жоғарғы қысымды ауамен үрлеп жэне шеткалы түйінін тексереді. Сонымен қатар тегеріш сомынының бекітілісін тексеріп жэне генератордың бекітілу бұрамаларын қатайтады.

Генераторда төмендегідей кемістіктер болады: қозғалтқыш жұмыс істеген кезде қуаттандыру тогының болмауы, қуаттандыру тогы күшінің төмендеуі, аккумулятор батареясын қажетті ток күшімен қуаттандыра ал- мауы немесе қуаттандыру тогы күшінің жоғарылауы.

Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде генератор қуаттандыру тогының жоқ екенін аспаптар панелінде орналасқан бақылау шамы көмегімен анықтай аламыз, ал бұл генератор жетегі белдігінің, генератордың өзінің іштен шығуына (түйіспелі сақиналарының ластануынан, щеткалы түйінінің істен шығуынан, генератор элементтерінің электр тізбегінің үзілуінен немесе тұйықталуынан), ал сонымен қатар аккумулятор батареясының қуатталу тізбегінің бұзылуынан болады.

Генератордың қуаттандыру тогының болмауы себебін анықтаған кез- де келесі жұмыстар орындалады. Алдымен генератор жетегі белдігінің тартылысы мен күйін тексеру қажет. Содан кейін вольтметрмен генера- тор өндіретін кернеуін тексереміз. Ол үшін вольтметрді генератордың «30» (немесе «+») клеммасына жэне автомобиль «массасына» полярлықты сақтап жалғайды. Қозғалтқышты іске қосып, иінді біліктің орташа айналу жиілігін орнатады және негізгі электр тогын тұтынушыларды іске қосады. Бұл жағдайда генератордың өндіретін кернеуі 13,7… 14,5 вольт аралығында болуы керек.

Егер генератордың өндіретін кернеуі көрсетілген шама аралығында болса, онда генератор ақаулықсыз жэне аккумулятор батареясын қуаттандыру тізбегін тексеру қажет.

Қарама-қарсы жағдайда генератор кернеу реттеуішімен щеткалы түйінін шешіп алады, щеткаларының жағдайын мен генератор зәкіріндегі түйіспе сақиналарының тазалығын тексереді. Сонымен қоса, кернеу реттеуіші түйіспелерінің сенімділігін тексеріп, кернеуді қайта өлшейді. Егер бұл жағдайда ешқандай өзгеріс байқалмаса, онда кернеу реттеуішін ауыстырады.

Егер кернеу реттеуішін ауыстырғаннан кейін генератор өндіретін кернеу өзгермесе, онда автомобильден генераторды толық шешіп жэне бөлшектеп, жай-күйін анықтайды. Генератор бөлшектерінің жай-күйін анықтап болған соң, оның істен шыққан бөлшектерін ауыстырады.

Қуаттандыру тогы күшінің төмендеуі автомобильде аккумулятор ба- тареясы толық қуаттанбаған кезде байқалады. Бұл кезде жарықтандыру

 

аспаптары шамдарының жарығы төмендейді және дыбыстық белгі берудің дыбысы азаяды. Қуаттандыру тогының төмендеуінің себебі генератор жетегі белдігінің тайғанауы, щеткалы-коллекторлы түйіні жұмысының бұзылуы, статордың бір фазасы орамының үзілуы немесе орамаралық тұйықталуы, түзеткіш жиынтығының бір диодының бұзылуы болуы мүмкін.

Кемістіктерді анықтау жэне жою үшін генератор жетегі белдігінің тартылысын, сымдардың түйіспелерінің сенімділігін, щеткалы түйін мен түйіспелі сақиналардың жағдайы тексеріледі. Егер аталған шараларды істегеннен кейін генератор реттейтін кернеу қалпына келмесе, онда ав- томобильден генераторды шешіп алып жэне істен шыққан элементтерін ауыстырады.

Қуаттандыру тогының жоғары күші аккумулятор батареясының жоғарғы мөлшерде қуатталуына алып келеді және бұл кезде бақылау аспаптарының (амперметр, вольтметр) нұсқарлары қозғалтқыштың жоғарғы айналымында секіреді. Ал электролит болса қайнап жэне акку- мулятордан сыртқа шашырайды. Бұл олқылықтың себебі кернеу реттеуіші мен аккумулятор батареясының ақауы болуы мүмкін. Бұл жағдайда гене- ратор кернеу реттеуішін тексеріп жэне ақаулығы бар кернеу реттеуішті немесе істен шыққан аккумулятор батареясын ауыстырады.

 

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля