Дана философ Конфуций

19 июня, 2019 10:17

Жоспары

 

Кіріспе

Негізгі бөлім:

  1. Дана философ Конфуций
  2. Конфуций — жаңаны негіздеуші
  3. Конфуцийшылдық дін бе, әлде философиялық жұйе ме? Қорытынды

 

 

Кіріспе

Қытай және Конфуций бірінен-бірі ажырамас түсініктерге айналды. Конфуций, Конфуций ілімі Қытай халқы үшін б. з. д. VI-V ғасырлардан бері негізгі рухани құндылық, өмірлік ұстанымға айналған болатын. Ол сол кезеңде кеңінен таралып жатқан өзге діни және философиялық ілімдердің ішінен ерекше беделге ие болып, халық арасында өте тез тарала бастағандардың көш басында тұрды.

Конфуцийшілдік — ол этикалық-саяси ілім. Ол адамгершілік, байсалдылылық және шектеулік, ізгілік сияқты аса жоғары құндылықтарға негізделген. Осы принциптердің негізінде Конфуций мемлекетті басқару ережелерін қалыптастырды. Ол қоғамда әр нәрсенің өз орны болу керектігін айтып, адам арасындағы қатынастар имандылыққа негізделуі тиіс деді. Осы орайда оның: «Билеуші- билеуші, ал бағынышты — бағынышты, әке — әке, ал ұл — ұл болу керек», — деген атақты сөзі мәлім.

Қытай философы қоғамды жетілдірмес бұрын, жеке адамды жетілдіру керектігін айтты. Конфуций Қытайда ең бірінші болып алдыңғы орынға пәндік оқуды емес, ал адамның мінезін тәрбиелейтін , оқуға деген жігерге және рухани сезінуге үйрететін мектеп ұйымдастырды. Бұл ретте ол ең кішіден — өмірлік құндылықтарды қалыптастырудан бастауға шақырды: қызығушылық, саналы ой, көзқарастардың қатаңдығы және өзін-өзі игеру.

Конфуций Қытайдағы білім берудің демократияландырылуы үшін жақ болды, ол әркімнің оқуға бірдей құқығы болуы, өзіне ұнаған ғылым түрін және ұстаз таңдау мұмкіндігінің болуын жөн көрді.

Конфуцийды ұлы моралист деп атайды, өйткені ол өзінің саяси-әлеуметтік доктринасын моральдық максимумдарға — биік мораль, дұрыс тәртіп, этикет-этолондарына негіздеді.

 

 

Дана философ Конфуций

Дана философ Конфуций адамзат өміріндегі әрбір тарихи кезең өз дәуіріне сай саяси күрмеулерге ұшырап отыратын және адамзаттың оларды шама-шарқынша    сәтті    түрде    шешіп    ұдайы    ықыластық   танытатыны көпшілікке   аян.   Егер   біз   ойша  өткенімізді   шолар   болсақ,| ХХІ  ғасыр табалдырығын  атап   отқан   сәтте  қоржынымыздың  сан  түрлі  ғажап  әрі қайталанбас саяси ой тізбегі мен даналыққа толы екендігіне көзіміз жеткен болар еді. Солардың ішіндегі ең бір өрелісі де, өзіндік нақыштарымен ерекше айқындалатыны да конфуцийлік ілім. Аталмыш ой бұкіл көне Шығыстағы ең бір қуатты-ау дейтін идеялық-саяси ағымға жатады. Оның негізін қалаушы біздің заманымызға дейін 551-479 жылдары Қытайда өмір сұрген Конфуций (Күи — фамилиясы,  ал   цзы  —  ұстаз  деген  мағынаны  білдіреді)  болып табылады.

Дана философ және этикалық ілімнің негізін қалаушы

Конфуцийдың қытай халқының өміріне жан-жақты әсер еткені ешбір талас тудырмайды. «Алтын ереже» деген атауымен мәлім болған оның этикасының негізгі принциптерінің бірі былай дейді: «Егер басыма келмесін десең, өзіңе де жамандық қаламасаң, өзгеге де соны тілеме.» Ал Конфуцийдың айтқан нақыл сөздері мен даналық ой пікірлері «Лунь юй»(сүхбат пен ой пікірлер) атты кітапта жинақталған.

Конфуций Қытайдың түрлі патшалықтарында әртүрлі дәрежедегі қызметтер атқарса да, өзінің негізгі мақсатына жете алмады. Нәтижесінде ол шенеуніктік қызметтің қызығы мен рахатын көкейіндегі этикалық саяси көзқарасы мен ойларын көпке жеткізуге асыққан мақсаттарға бола тез ақ айырбастады. Ғүлама ойшылдардың уағыздары, әсіресе, қызметкер шенеуніктер арасында кеңінен қолдауға ие болды. Оқу мен білімге құштар барша қауым оның шәкірттеріне айналды. Аңыз бойынша олардың жалпы саны үш мыңның ар жақ бер жағында болса, ішіндегі ұстазына ең жақын ау дегендері 72 адам, ал онымен күні -түні бірге болған шәкірттерінің саны 12-ге жетсе керек-ті. Бұл адамдар түрлі патшалықгардан келген әрқилы қызмет иелері болатын-ды.

Таң династиясы кезінде (618-907 жж.) Конфуцийге «Бірінші әулие» атты құрметті атақ  берілсе, Мин династиясы (1368-1644 жж.) оған «Ұлттың ұлы ұстазы» деген дәреже сыйлады.

Конфуцийдың негізінен қоғамды қандай жолдармен жетілдіру мен мемлекетті қалай сәтті түрде басқару мәселелері шамадан тыс толғандыратынын атап өткен жөн. Бір ғажабы, оның осынау күрделі түйіндері қатаң тәртіп пен белгілі бір тәрбиелік ұстанымдарының көмегімен жүзеге асырмақ ниеті де және оған қоса шектен шыққан қызулыққа берілмей, көбіне көп «тепе — тендік» пен «ортадағы» принциптерді місе тұтқаны да белгілі боп отыр. Түрлі ұсақ иеліктерге бөлініп, қырықпышақ болып қырқысып жатқан Қытайдағы патшалықтардың басын бір орталыққа бағынған мемлекетке біріктіруді басты мақсатына айналдырған ол, сонымен бір әзірде, халықтың тәлімдік — тәрбиелік күш — куатын жоғары деңгейлерге көтеру мен оны кәдімгідей «бақытты» ету үшін бар күш жігерін сарп етті. Мысалға:

«Цыгун   сұрады:   Мемлекетті   қалай   басқаруға   болады?   Ұстаз   айтты: Біріншіден   —   мемлекетке   жеткілікті   азық-ауқат   болсын.   Екіншіден   -мемлекетке жеткілікті қару-жарақ болсын. Үшіншіден — халық өз патшасына сенетін болсын.Сонда Цыгун: Егер осы үшеуінің біреуінің құрбан ету керек болса, алдымен қайсысын құрбан етуге болады? Онда қару-жарақты кұрбан ету керек. Қалған екеуінің біреуін құрбан етуе тура келсе ше? Онда азық-ауқатты. Себебі, азық ауқатсыз ашығып қиналғанмен патшаға сенім болмаса, ол ел мемлекет болып қала алмайды.»?

Қытайдағы әлеуметтік тәртіптің негізі, Конфуцийдың ойынша, қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылыққа сүйенуге тиіс болатын. Және мұндай қоғамда әркім өзінің басыбайлы құқығы мен мемлекет алдындағы міндеттерін терең сезіну арқылы бұған дейін қағидаға айналған моральдық этикалық принциптері көзден таса қылмасқа керек. Оның пікіріне құлақ түрсек: Патша — патша, бағынышты-бағынышты, әке- әке, ал   ұл-ұл   болуы тиіс.

Ол адамдарды білу. Адал кісіні адал еместерден биік қойсаң, адал еместерді адалдыққа тартасың.»;

«Адамгершіл кісіде мына бес қасиет болу керек:

Кісіге шын құрмет, кең пейілділік, шыншылдық, зеректік, мейірбандық.

Біріншісі — жарамсақтануға жол бермейді;

Екіншісі — барлығын бағындырады;

Үшіншісі — адамдардың көңіліне сенім ұялатады;

Төртіншісі — жеңіске жетуге мүмкіндік береді;

Бесіншісі — адамдарды басқаруға мүмкіндік туғызады.»

Конфуций ілімінде Ли жөніндегі тәрбиелік мәні орасан зор тәлімгерлік саяси жұйеге айырықша назар аударылады. Ли деген ұғымның аясы анағүрлым кең екендігін және оның әдет — ғұрпы, «салтанатты рәсім», оған қоса «этикет» пен ар ұятты нақыштайтынын айтып өткен лазым. Билеуші мен оның хүзырындағылар ұлкендер мен кішілер және әкелер мен балалар арасындағы қарым-қатынас Ли ілімінің атқарар рөлі шектен тыс.

Конфуцийдың аса маңызды өсиеттерінің бірі — баланың әке-шешесіне деген құрметі және алдымен әкесіне деген шексіз сұйіспешілігі. Балалар тек қана ата-аналарының айтқандарымен жүргенді ғана қанағат тұтумен шектелмей, оларды жан тәнімен сұюге міндетті әрі олардың айтқандарын екі етпеуге тиіс. Егер адам өзінің ата-анасын сұймесе және өзінің ата-ана алдындағы борышын мойындамаса, ол — делқұлы, есерсоқ немесе есі дұрыс емес адам. Конфуцийдің бұл көзқарасының маңызын XXI ғасыр есігін ашып отырған ұрпақ өкілдері, оның ішінде тек қытайлық жастар ғана емес, барша әлем жастары да, қазақстандық урданизация тәлкегіне ұшыраған ұрпақ өкілдеріде үнемі жадында ұстауы тиіс.

Ғұламаның тағы бір қыры оның халықты оқу «мен білімге шақыруынан да байқалады. Ол, әсіресе, адамдардың өмірі мен мінез-құлқына, олардың күнделікті тұрмысы мен өзара қарым-қатынастарына ерекше көңіл аударуға

Конфуцийдың ойынша, мемлекетті тек патшаның («Көктің Ұлы») өзі бас болған салиқалы азаматтар басқаруы тиіс. Өкімет басшысы, яғни, «Көктің ұлы» — Көктің жердегі «өкілі». «Кұдайлық негізі» бар патша арқылы аспан өз • әмірін іске асыруда. Әрине, Конфуций патшаның билігін шырқау биікке көтере білді. Ол тек қана Көктің жердегі өкілі міндетімен ғана қанағаттанып қоймай, адамдар әлемі мен құдайлар яки рухтар әлемімен екі ортада дәнекер болуы тиіс. Әулие бола отыръш, император тек Көктің алдында ған жауапты болуға тиіс. Өйткені ол, тақ пен билікті тек осы Көктен алды. Билеуші әділ боп, өзінің қарамағындағылардың қамын ойлаған күнде Көк барша халыққа мейірімін төгеді; ал егер патша әділ болмаса, елді аштық пен жұт және соғыс пен әлеуметік бұліктер жайлап алуы тиіс. Нақ осылай Көктегі Құдай жердегі билеушіні тәубесіне келтірер еді.

Осыған байланысты императордың жеке басы мен іс әрекеттеріне және бойындағы қасиетеріне байланысты қайсібір сұрақтар көлбеңдейді: Ол қандай болу керек және оньң өзі кімді үлгі тұтпақ?(Ал Конфуцийге жүгінсек, оның абстракциялы қиялшыл бейнесі «жан жақты жетілдірілген» әрі «адамгершілігі шектен тыс мол» адамды сомдайды. «Әбден жетілген адам» екі бірдей қасиетті арқа түтқаны жөн: адамгершілік және бойдағы парыз.

Адамгершілік, Конфуцийдың пікірінше, қарапайымдылықпен, марттылықпен және адамдарға деген шексіз махаббатпен шексіз астасып жатыр. Адамгершілік парыз дегеніміз — адамгершілігі жоғары адамның иығына өз еркімен артқан қияметі мол ауыр жүті. «Кіршіксіз адам» адал және мінсіз, ақкөңіл және ақжарқын әрі өзінің сөйлеген сөзі мен істеген ісіне мығым көзі қарақты болуы тиіс. Конфуцийдің ұғымынша, мемлекет басшысына тек «Кіршіксіз адам» ылайық . Адамгершілік Конфуцийды толғандырған мәселелердің бірі болып табылады:

«Адамгершілік деген не?

Адамдарға махаббат.

Білім деген не?

кеңес береді: «Мені жұрт білмейді деп қынжылма, керісінше, өзім жұртты білмеймін деп қынжыл» — бұл да қытай ойшылының аузынан шыққан дуалы  сөз.

Қытай ғұламасының өз шәкірттеріне бағыштаған сөздеріне қарағанда шын мәніндегі білім түбегейлі ақиқатқа сұйенуі керек, ал нені білмейді екенсің, оны білімсіздік деп үдқан жөн. Оның шәкірттеріне берген ақылының ішіндегі ең бір сүбелісі: «Көп тыңдай отырып, ақиқат пен күмәннің арасын ажырата білу шарт, ал қалғандары хақында байқап, аңысын аңдып сөйлеген жөн, мұндай сәтте кінарат тагу да азая түседі; көп сезіп, көп байқау арқылы мәселенің қауіпті тұсын артқа тастай білу керек, ал одан өзгесінде аяғыңы аңдап басқаның лазым, мұлдайда өкініштің жолы жіңішкере түседі; ал егер айтыла қойған сөзге орай тағылар кінә мардымсыз болса, және істеген ісіңде қынжылып бармақ тістеліктей дүние болса, айың оңыңнан туды дей бер.»

Көрнекті саяси ойшыл Конфуцийдің көріпкелдігі мен адамдардың, тұтас халықтар мен династиялардың болашағына қатысты ой-пікірлерін де көңілден таса қылмаған дұрыс.

Оның   басты  демократиялық   идеясы   барша   адамзаттың  теңдігіне қатысты   ойлардан   туындайды.   Халықтар   мен   мемлекеттер   арасыдағы. қатынастарды Конфуцийдің бұкіл қоғам мұддесіне орай екшелеп, бағыттап отырған аян.

Әлеуметтік шырғаландар, терең тап күрестері мен көршілес патшалықтар арасындағы өзара қырғи-қабақ соғыстарды үзілді-кесілді тоқтату жолындағы оның дүниедегі баяндылық пен бейбітшілік үндеген ойлары да өзіне ерекше көңіл аударуды қажет етеді. Соғыс оның пікірінше, мемлекеттер арасындағы кикілжің-жанжалдарды ретке салудың бірден-бір жолы емес.

Конфуций ілімінің бастауы. Конфуций негіздеген қоғамдық, философиялық, моральдық, этикалық һэм діни ілімнің ұстын тұрғылары дәстүрлі алты кітаптан бастау алады: «Идзин» — «Өзгеріс кітабы», «Шудзин»

— «Тарихи деректер кітабы», «Шидзин» — «Жыр кітабы», «Лидзи» — «Рәсім кіта-бы», «Чүндзүу» — «Көктем мен күз», жылнама кітабы және «Лүңиүй» -«Кеңес пен толғам», ғақылиялар кітабы.

«Өзгеріс кітабы» — тағдыр, жазмыш туралы, ойлы нақыл, шешендік болжам, балгерлік есеп силатындағы философиялық-космогониялық кітап, ханзу мәдениетінің көне ескерткіші. Конфуцийдың өзінң «Өзгеріс кітабының» түбіне жетуге ғұмырым жетпейді дегендей сөзі бар (VII-17), яғни Конфуций бұл кітапты жасаушы емес, зерделеуші және үлгі түтушы ғана. Ескіден тартып, күні бұгінге дейін бұл өзгеше мұра турасында жүздеген еңбек жазылған, бірақ әлі не Шығыста, не Батыста түбіне жеткен ешкім жоқ. Бұл тараптағы ғылымның ең соңғы сөзі — «Өзгеріс кітабы» — м.д. VIII-VII ғасырларда туған,   балгерлік негіздегі философиялық еңбек дегенге саяды.

«Тарихи деректер кітабы» — ежелгі заман патшалары, атақты адамдар, олардың үлгілі істері, халық басынан өткен елеулі оқиғалар туралы аңыздық, деректік хикаялардың жинағы, Күңфудзы өз қолынан өткеріп, жүйеге түсірген деп есептеледі.

«Жыр кітабы» — қадым замандағы қытай поэзиясының антологиясы; ескіден қалған жырлар өте көп екен, Конфуций солардьщ бірін қарастырьш шығып, әрі көркем, әрі әуезді, айрықша мағыналы үш жүз бес жырды іріктеп алады да, оларды мекендік, мезгілдік және мазмұндық тұрғыдан жүйелел, бір кітапқа топтайды; жалпы көлемі сегіз мьң өлең жолына тақау бұл антология — элемдік поэзияның үздік үлгісі, өзгеше тұрпатты асыл мұра. «Жырдан шабыттанам» деген Күңфудзының өзі (VIII), ақыл-ойдың, көркем танымның ғажайып нұсқасы ретінде үнемі шәкірттерінің алдына тартып отырған.

«Рәсім кітабы» — діни тұрмыс-салт, ғұрып, ғибадат жоралары туралы кітап, ежелден қалыптасқан; Конфуций зерделеп, дәйектеген деп есептеледі. «Рәсімнен қуат алам» деген Конфуцийдың өзі (VIII).

«Көктем мен күз» — м.д. 721-480 жылдарды қамтитын тарихи шежіре, Конфуций жұйелеп, түбегейлі өңдеуден өткізген; келер ұрпақ мені осы «Көктем мен күз» арқылы бағалайды деген сөзі бар (Сыма Циэн).

«Кеңес пен толғам» — осы, әуелгі бес кітаптан («бес дзин») өзгеше тұрпаттағы жинақ, кейініректе Конфуцийдың ізбасарлары кұрап, қалыптаған ғақылиялар топтамасы, негізінен Конфуцийдың шәкірттермен кеңес, әрқилы адамдармен әңгіме үстінде айтқан нақыл сөздері, ой, толгамдары. Конфуций есіміне тікелей қатысты ең басты кітап та осы.

Конфуцийдың өзінің «мен жаңадан ештеңе ойлап шығарғам жоқ, мен небәрі ескіні бұгінге жалғастырушымын» деген пікірі бар (VII). Әлбетте, Конфуций — жаңаны негіздеуші. Бірақ бұл жаңа — көненің жаңғыруы, өнделіп, жетіліп, жұйеленіп, өзгеше қалыпқа түсуі. Сыпайы сөз — өзін кеміту емес, көтермелеу, бар үлгісі ежелгі дәстүрден, ұлттық арнадан бастау алатынын қадап айту. Шынында да, көнеден, яғни елдің ғасырлар бойы қалыптасқан салт, санасынан танымы мен рәсімінен тамыр тартпаса, Конфуций ілімі де кеңінен өркен жайып, соншама қуатқа жетпес еді. Әрине, Конфуций көнені жалғастырушы   ғана   емес,   жаңаның   бастаушысы   болды.   Конфуцийдың көзінің  тірісінде  негізгі  тұрғылары,  болмыс,  бітісі  мен  мұрат  бағдары айқындалып, берік бекіген жаңа ілім оның шәкірттерінің риясыз, тынымсыз еңбегі арқасында өзгеше тыныс алып, кең өріс табады. Конфуцийшылар ханзу жұртының рухани әлемін жаулап алуды ғана емес, қоғамдық өмірге ықпал ету, ел билігіне тікелей араласу бағдарында да белсенді әрекетке көшеді. Сондықтан да м.д. Ill ғасырда ежелгі қытай жұртын қайта біріктірген әуелгі еженхан Зин Шихуанди Конфуций ілімін қатты қудалайды; бірақ ақыр түбінде әулетінің қиылуына да осы ретсіз қаталдығы,  нақтылап  айтсақ, қалыптасқан, дайын тұрған ұлттың идеологиядан бас тартуы себеп болған. Төменнен көтеріліп, берік әрі түбегейлі билікке жеткен Хән әулеті Конфуций ілімін ресми түрде қабылдап, оған мемлекеттік мәртебе беріпті. Бұл жағдай адамзат тарихында болмаған аса ұзақ мерзім — екі мың жылдан астам уақытқа созылып, еженхандар билігі  кесілген   1912 жылға дейін сақталып келді.

Алайда кунфуциышылдық ханзу жұртының рухани өміріндегі жетекші жағдайынан айрыла қойған жоқ. Бұгінгі коммунистік Қытайдың өзінде Конфуций ханзу жұртының көне замандағы ұлы ойшылы ретінде айрықша қастерленеді.

Кунфуцишылдық  дін   бе,   әлде   философиялық  жүйе   ме?  Батыс білімпаздары осы екі аралықта көп адасты. Шын мәнісінде христиандық дегеніміз не? Мұсылмандық дегеніміз не? Әрі наным, әрі ілім. Қайсысы оң,. қайсысы жөн? Мәселені бұлай қою, ғылыми тұрғысынан – күна болар еді.Әрине, лә илаһа ил алла, Мухам­мед расул алла — Алла бір, пайғамбар хақ: біз — мұсылманбыз. Алайда, Арабстаннан бастау алған исламның әуелде сеніммен ғана емес, қарудың күшімен де бекітіліп, келесі ғасырларда бейбіт жолмен ескі дүниенің жарым бөлігіне орнығуы әлеуметтік және тарихи заңдылық десек те, дәл қазіргі кезеңде алып отырған аймағьнда үстем болуының рухани асіары бар. Христиан дінінің әуелде Жерорта теңізі аумағынан өріс табуы да кездейсоқ емес. Ислам да, христианшылдық та бірнеше кұрлық, жүздеген ұлтты қамтып отырған халықаралық діндер. Ал күңфудзышылдық — ұлттық сыпаты басым, өзгеше тұрпатты наным, сондыктан ханзу жұртының шеңбернде ғана қалған. Рас, бүтінгі ханзу, бізше қытай — қисапсыз халық, қазіргі әлемде жер басып   жүрген   бес   адамнын   бірі   —   қытай   (ал   қазіргі   Қытай   Халық республикасының территориясы — Еуропа құрылығына тепе-тең, яғни жарым Россия, Украина, Белоруссия, күнгейдегі Балқан, күзейдегі Скандинавия, орталықтағы   қаншама  ел,   әрідегі  Англия,   Германия,   Франция,  Италия, Испания… түгел сыйып кетеді деген сөз…) бұдан жиырма-отыз жыл бұрын жер басқан төрт адамның бірі қытай болатын, бұдан мың жарым, екі мың жыл бұрын бұл жүрттың үлес салмағы одан артық болмаса, кем болмаған, тарихшылардың демографиялык, есебінше, бергі ғұн заманында, V ғасыр шамасында Қытайда елу миллион   халық болыпты, біздің бабаларымыздың бас-аяғын жинағанда үш миллионная аспады дейді (менің шамалауымша, Ұлы қорғаннан Дунайға дейінгі аралықты алып жатқан Ұлы Түрік елінің халқы  он торт — он бес миллионнан  кем болмаған), ал кейін  әлемнің тұтқасына айналған Еуропада үш миллиондай ғана халық болса керек, яғни бұгінде ғана емес, бұрында да соншама байтақ жері бap, қисапсыз халқы бар Қытай өзіне өзі жетіп -жатқан; ұлттық мемлекетің Аспан асты жұрты (Тиән шиә — біз Аспанхақ деп аудардық) деп атауы, ата мекенін Әлемнің орталығы санауы кездейсок, емес. Міне, осы жұрттың рухани байрағына айналған конфуцийшылдық — білімдар зерттеушілердің үйғаруынша, әдепкі дін емес,  оқымысты дін, ғұламалар діні (Жу-дзиәу), анықтап айтқанда, діни ілім. Рас, ханзу жүртында, дүңгендер қабылдаған мұсылманшылықты айтпағанда, тек азиялық сыпаттағы тагы екі дін: Дау-дзиәу — Дау (Дао) діні және Ши-дзиәу -ханзулық Будда діні бар, бұл екі жолды ұстағандар да көп болыпты, бірақ конфуцийшылдық басым ғана емес, негізгі дін, дін ғана емес, ғұрып, рәсім һәм мемлекеттік, ұлттық идеология қызметін атқарды;  ханзу жұртының әуелде тұтастануы, содан соң өсіп-өркендеуі, айрықша қуатқа жетуі, мәңгілік мемлекет түзуі — ең алдымен осы өзгеше ілімнің арқасы деп есептеледі.

Конфуций негізін салды дегенмен, одан кейінгі екі-үш ғасыр орайында түпкілікті қалыптасып, өзінің нақты сыпатын тапқан діни ілімді талдап, тексеру — біздің мақсатымыздан тысқары, бұл арада өзіміз үстірт байптаған бірер мәселенің ғана ұшығын шала кетейік.

Кез келген діннің сыртқы сипаты және көлденең көз үшін ең басты белгісі – рәсім, ғибадат. Бірақ кез келген ғибадаттың мәнісі, кез келген рәсімнің мағынасы — нақты бір ұғым, наным, мұрат, мақсатқа тіреледі. Конфуций ілімі табынатын   үш  түрғы  бар: Көк,            Рух, Аруақ-Адамдар.

Көк (Тиән) — ең биік әмірші, ғарыш, дүниені жаратушы және өз билігінде ұстап тұрушы, ежелгі түріктің. бұтінгі қазақты Тәңірісі(Көк) іспетті.

Рух – Көкпен жалғас, астас, сол Көктің құдіретінен нақты көрісіс беретін, әлемнің  қозғаушы  күші іспетті өзгеше  нәрсе; әуелгі қалпы — Ауа

(Чи), онын, екі тұрпаты бар: Иән және Ин; Иән — өніп, өсудің, Ин — тозып, өшудің көрінісі, осы екеуінің мәңгілік бірлігі әлемдегі тіршіліктің көзі болып табылады. Рух ұғымының мағыннасы кең, салалас: халықтық нанымда ізгі рух бар, зұлым рух бар, бұл — оқымыстылар қалыптаған Иән мен Иннің басқа бір кебі; сонымен қатар Жердің рухы, Кұннің, Айдың рухы, өзеннің, таудың, бұлт пен найзағайдың, жел мен жауынның рухтары бар; діни жоралгы-бойынша осылардың бәріне де тиесілі құрбандық шалынып отырады.

Табыну мәртебесіне кетерілген бұрьнғы Адамдар, қазақша айтқанда Аруақ үш түрлі болады; Әулиелер, Даналар, Дегдарлар. Конфуцийтылар әулие тұтып, табынатын, тиесілі құрбандық атайтын әулиенің ұзын саны он бес: әуелгі он — ежелгі заманның ұлы патшалары, он бірінші — Конфуций, ең соңғы, он бесінші — Конфуций ілімін біржола тиянақтаған, м.д. 372-289 жылдар аралығында жасаған атақты оқымысты Міңзы. Әулие, Дана, Дегдарлармен қатар әркім өз атасынақұрбан шалуы — міндетті рәсім болган.

Әрине, аталмыш ерекшеліктердің барлығы да тек осы Конфуций іліміне ғана тән, таза ұлттың тұрғыдагы наньгм мен рәсім. Мунын сыртқы қаңқа, ішкі тірек, ұстындар. Ал ілімнің түпкілікті мән-мағнасы мақсат-мұраты жалпы адамзапық қасиеттен бөтен туыс танытпайды, кісі ұғылына тән құлықтық, ізгілік негізінде үйыскан. Бұрынғы, соңғы зерттеушілердің байыбьнша, Конфуций ілімініц өзегі бес тармақ арқауга құрылған, бұлар: кісілік, эділдік, рәсім (немесе құлықтылық), ақыл (немесе білімдарлық), адалдық. Айналып келгенде, өзіндік салт, жоралғылардың барлығы да осы бес асыл қасиетті және солардан туындайтын тағы қаншама игілікті бекітетін тәсіл, құрал ғана дер едік.

 

Қортынды

 

Қарап отсақ, Конфуций ілімі талай ғасырлар бұрын пайда болғанна  қарамастан әлі күнге дейі өз маңызын жоймай келеді. Ол бұкіл дүниежүзі елдері оқитын және Қытай халқы пір тұтатын ілім ретінде сақталып келеді. Мұның өзі бұл ілімнің аса терең даналыққа, ақыл-ойға негізделгендігінің белгісі. Тіпті, оның ұлылығы соншалық — бұл ілім қағидалары, талай заман өткеніне, талай қоғам ауысқанына қарамастан, өзінің маңызын, мәнін жоймай келеді. Керісінше, дәл бүгінгі таңда моральдық, рухани құндылықтар тапшылығын көріп отырған қоғамда одан сайын актуалды бола түскен сияқты. Егер әрбір адам осы идеяларды мұқият зерделеп, өз өмірінің басшылығына алса, онда қоғамның тура жолға түсетіні, онда гармония мен ұйлесімділік орнаған идеалды мешіекеттің қалыптасатындығы күмәнсіз.

Тәртіпті қоғам үндестігі мен иделды, адамгершілігі мол адам туралы идеялардың бірлігі конфуцийшылдық деп аталатын ілімді қүрды. «Учитель редко говорил о выгоде, воле неба и человеке… Он не вдавался в пустые размышления, не был категоричен в своих суждениях, не проявлял упрямства и не думал о себе лично»

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля