18 января, 2018 15:05
Рельеф (фр. геІіе{) — жазықтықтың бетінен шығып түрған бейне.
Ренессанс (өнердегі) немесе Ңайта өрлеу (фр.
Вепаіззапсе — қайта жаңғыру) — дүниежүзілік мәдениет тарихындағы ірі кезеңнің бірі, феодализмнен капита- лизмге өту кезеңін көрсетуші, зиялы мәдениеттің құры- луы, адамгершілік сана-сезімнің орнығуы. Батыс Еуро- пада ренессанс ежелгі дүние мәдениетіне еліктеуден туған (аты осыдан шыққан), сол кезеңдегі ғажайып өнердің мәртебесіне сүйене отырып, адам бойында зия- лы, рухани сезімді, үйлесімді қасиеттерді туғызады.
Сонымен, алғыр көркем мәдениеттің дамуына ықпал етеді. Ренессанс өткен заманның мәдениеті мен болашақ мәдениеттің тығыз байланысты екенін анықтаушы бо- лып табылады. Ренессанстың эстетикалық және көркем мәдениетінің теориясына бұл түсінік XVIII ғасырда енгізілді, ал XIX ғасырдың ортасында, әсіресе, Ж. Миш- ле және швейцар тарихшысы, мөдениет философы Я. Буркхардтың «Италиядағы Қайта өрлеу мәдениеті» деген зерттеулерінен кейін кеңірек таралды. Кейінірек |
ренессансты өнерге XVI ғасырда Италия кескіндеме өнерінің өкілі, сәулетші және өнер тарихшысы Дж. Ва- зари енгізгені анықталды, бұл мәдениет дамуының шексіз, кей кезде ұзақ уақытқа тоқтап, кейін қайта жаң- ғыру мүмкіншілігін көрсетеді. XIX ғасырдың аяғында Г. Вёльфлин өзі қарастырған тарихи сындар бойынша осы стильді зерттеп, типологиялық мөнін анықтай оты- рып, «ренессанс» пен «барокко» түсініктерінің байла- нысын, бейнелеу әдістерін («сызықты» және «кескін- демелік»), олардың өнерде дамуының сатылы екенін анықтады. XX ғасырда Э. Панофский өзінің «Батыс мәдениетіндегі Қайта өрлеу» деген кітабында (1960) оның өнердегі тарихи дамуын анықтау үшін осы түсінікті одан ары кеңейтті. |
Романтизм (фр. готапіізте) — XVIII ғасырда және XIX ғасырдың басында Еуропа мәдениетінің барлық сала- сында дамыған идеялың жөне көркемдік қозғалыс. Ро- мантизмнің тууына әсер еткен себептер: тарихи және көркемдеу өнерінің ішіндегі өзгерістер, әсіресе, ұлы Француз революциясы алып келген көптеген жаңа та- рихи тәжірибелер. Бұл тәжірибе қорытындылауды, со- нымен қатар, көркем шығармашылықтың мәнін қарас- тыруды талап етті. Романтизмнің көптеген идеялары жарты ғасырлық өмірінде бірнеше рет күрделі өзгерістерге ұшыраған, бірақ жалпы көзқарас бірыңғай эстетикалық бағыттағы неше түрлі мектептердің қол- дауында болды. Ең басты (осы ырғақ қозғалысының) ор- талығы Германия болды: неміс ақындары мен философ- тарының шығармаларын Англия, Франция, Полына және Ресей романтиктері үлгі тұтқан. Романтизм ағар- тушылық кезеңнің орнын басып, көп жағдайларда оған қарама-қарсы келеді. Ағартушылық кезеңде ырғақ ұқсас жағдайлар туындауына байланысты предроман- тизм немесе болашақ романтизм деп аталды. Оның өкілдері «Веймарск классицизмінің» аңындары Гете, Шиллер, Виланд болды. Көптеген романтиктердің пікірінше, француз революциясының көтерілісінен ту- ындаған елестер немесе иллюзиялар буржуазиялық қоғамда орын алуы керек болды. Сондықтан олар осын- дай елестердің қирағанына ңатты қиналды. Романтизм — өнерді дамытудағы, адамның әр түрлі қабілеттерін ашу- дағы мүмкіндік, бостандың, бұл жағдай философия, филология ғылымдарының ырғақтың эстетикалық көлеңкесінде болуына байланысты. |