7 мая, 2018 18:02
- Етістік, оның лексика-семантикалык ерекшелігі.
- Етістіктің семантикалык топтары, оны ғалымдардын топтау жүйесі.
- Етістіктің морфологиялық сипаты.
Қазіргі казак тілінде етістік — ең күрделі сөз табының бірі. Бұл онын лексика- семантикалык ерекшелігінен, түбір тұлғасынан жэне оған үстелетін грамматикалық формаларының кат — кабаттылыгынан жэне олардың аракатынасынан, жаңа сөз жасау жүйесінен, колданылу аясынан, сөйлемде аткаратын синтаксистік қызметінен, лексика- грамматикалык касиеттерінен байкалады.
«Заттың қимылын, күйін, белгінің, көңіл-күйдін, карым-қатынастың кимыл түрінде өзгеру процессін білдіретін сөздер етістік деп аталады» — деп аныктайды Ы.Маманов.
Қазақ тілінде етістіктін кұрылымын жақсы түсіну үшін оның көптеген сөз тудырушы жэне форма тудырушы аффикстерін, олардын түрлі грамматикалык кызметтерін — функцияларын осы тілдін өз тұрғысынан, аглютинативтік ерекшелігін ескере отырып айыру керек. Етістіктің түбір сөздерге зр түрлі жүрнақтар жалғану аркылы жасалуын синтетнкалык тэсіл деп көрсетсек, сөздердің тіркесуі аркылы яғни аналитикалык тэсілмен жаңа магыналы кимылдык ұғым тудыратын сөздер де жасалатындыгын есте сактаган жөн. Етістіктің лексика-семантикалық мағынасы мен формаларының байлыгы оның өзіне тэн эр алуан лексика-семантикалық, лексика-грамматикалык жэне грамматикалык категорияларынан тіпті айкын көрінеді. Мәселен, етістіктің өзіне лайык сөз тудыру жүйесі, ол жүйенің неше килы формаларымен қатар, өзіне ғана тэн сөз түрлендіретін де формалары бар. Ал шак, рай, етіс, амалдың жүзеге асу сипаты сияқты категориялары — етістіктің семантикасы жагынан ең бай формалары, сондай-ак етістіктің өзге семантикалық жэне морфологиялык формаларынан мазмұндары да, тұрпат түрлері де өзгеше есімше, көсемше деп аталатын категориялары бар. Бүлар бір жағынан етістікті баска сөз таптарынан ерекшелендіретін формалар болса, екіншіден, солармен ұштастыратын айрықша функциялары бар категориялар. ( Кей ғалымдар есімше мен көсемшені етістіктін айрықша түрлері деп карастырады). Сонымен катар болымдылык жэне болымсыздык, сабақтылык жэне салттылык категориялары да бар.
Етістіктіц лексика-семантикапық сипаты.
Тілімізде канша сөзді етістік деп танысак, солардың әркайсының өзіне тэн лексикалық мағынасы болады. Сөйте тұра олардың лексикалық магынасы каншалықгы өзгеше болғанымен, сол етістіктердің бэрі де ең алдымен өздерінің бір ортақ сипагтарына байланысты бір сөз тобына телінеді.
Ы.Маманов етістіктерді магынасына қарай топтастырып, сегіз топца бөледі:
- Іс-әрекеттік қимылды білдіретін етістіктер: жазу, сызу, көру, жұлу.
- Қозгалыс-қимылын білдіретін етістіктер: жүгіру, еңбектеу, домалау, жоргалау.
- Қалып-күй процесстерін білдіретін етістіктер: ауру, ұйыктау, тұру, отыру, жату, тынығу.
- Көңіл -күйді білдіретін етістіктер: кайғыру, мұңаю, куану, ренжу.
- Сапалык белгінің өзгерісін білдіретін: ұзару, кысқару,сарғаю,ағару, азаю,көбею.
- Еліктеу-бейнелеу етістіктері: жылмыңдау,кылмыңдау, пысылдау, ыңқылдау.
- Туу, өсу қимылын білдіретін етістіктер : балалау, кұлындау, коздау, боталау.
- Субъективтік реңді етістіктер : азсыну, кісімсу, көпсіну.
А.Хасенова етістіктерді алты семантикалық топца бөледі:
- Объектімен тікелей байланысты іс-эрекетті білдіретін етістіктер: іш, же, майла, боя, ұр, соқ, жүр, көр, окы.
- Субъектінің қозгалысының беталыс бағытын білдіретін етістіктер: кел,кет,түс, шык, ұш, самға, жинал, тара.
- Субъектінің калпының сапасының өзгеру процессімен байланысты айтылатын етістіктер: ұйықта , оян, азай, көбей, ұзар, кыскар, өл, ауыр, бат.
- Бейнелеу етістіктері: адырай, бакырай, маныра, мөңіре, жалтылда, үлпілде.
- Ішкі объектілі салт етістіктері: козда, бұзаула, гүлде, жапыракта.
- Көмекші етістіктер : е, еді, деп, шығар.
Ф.П.Филин: «Лексика-семантикалык топ деп екі не бірнеше сөздердің лексикалык мағынасына қарай бірігуін айтамыз»- деп аныктама берген.
Ю.Н.Караулов орыс тіліндегі лексика-семантикалық топтарга токталып, бұл мэселенің дұрыс шешілуі үшін екі мэселенің басын дұрыс ашып алу керек дейді. Біріншісі, сөздердің жеке өз алдына дербестігі, басқа сөздерден бөлініп тұратындығы, екіншісі, контекстің кызметіне қандай роль беріледі.Айтылган пікірлерді жинақгайтын болсақ, сөздерді белгілі бір лексика-семантикалық топқа бөлу үшін мына шарттарды есепке алу керек болады.
‘г Бір лексика-семантикалык топтың кұрамына енетін сөздер өзара бір мағыналык сыңар (семалар) арқылы байланысып жатуы керек.
^ Бір лексика-семантикалық топтың компоненті болып саналатын сөздер өз дербестігін сақтау керек.
^ Лексика-семантикалық топтың құрамындагы сөздер бірі екіншісін магыналык жагынан толықтырып, ұштасып жатуы керек.
- Антонимдік, синонимдік сыңарлар да оелгілі лексика-семантикалык топтың аясында
болады.
- Лексика-семантикалык топтар іштей семантикалык топтарға бөлініп, сатылай байланысып жатады.
- Лексика-семантикалык топтың күрамындагы сөздер бір сөз табынан болу керек.
Осы шарттардын негізінде М.Оразов қазак тіліндегі етістіктерді 1 Ілексика-семантикалық топка бөледі.
- Амал-әрекет етістіктері.
- Қоректенуді білдіретін амал-эрекет етістіктері . Мысалы : ішу, жеу, ұрттау, қарпу, жұгу, сораптау, жалмау, сору, асау.
- Жасау, күру етістіктері. Мысалы: күру, жасау, жарату, соғу, тұргызу, өру, өндіру, салу, тігу, калпына келтіру.
- Қырып-жою етістіктері. Мысалы: сындыру, кирату, бұзу, кұлату, жермен жексен ету, күлін көкке үшыру, күл талкан ету, жырту. Осы магынаға жуык шабу, сою, бауыздау, асу, шабақтау, мойнын бұрау, кабырғасын кирату, басын алу, мұрнын бұзу, пышактау, балталау.
- Өзгеру етістіктері. Мысалы : бояу, майлау, актау, жану, эшекейлеу, өрнектеу, кырлау, тазалау, сабындау, оюлау, бұйралау, өндеу.
- Объектіні козгалыска түсіретін амал-эрекет етістіктері. Мысалы : сүйреу, итеру, шашуі жүру, беру, алу, көтеру, лактыру, ыршу, түсіру, кұлату, тарту.
- Объектіні толык камтымайтын амал-эрекет етістіктері. Мысалы : керту, шабу, найзалауі сұғу, камшылау, сипау, түрту, шымшу, шаншу.
- Объектінің калпын өзгертетін етістіктер. Мысалы: төңкеру, аудару, кұлату, бүктеу, жазу.
- Даралау жэне бөлшектеу етістіктері. Мысалы: боршалау, жіліктеу, бөлу, ажырату.
- Қозгалу етістіктері.1) Бағыт-багдарды білдірместен жалпы козгалыстарды білдіретін етістіктер. Мысалы : жүру, шабу, секіру, сүнгу. Бұл топтагы етістіктер де өз жолымен кіші семантикалыктоптарга бөлінеді:
а) Жерде болатын козғалысты білдіретін етістіктер: жүру, шабу, еңбектеу, сыргу, жорту,
желу.
э) Суда болатын козгалысты білдіретін етістіктер: жүзу, сүңгу, малту,калку.
б) Ауада болатын козгалысты білдіретін етістіктер: ұшу, самғау, қалықтау, кұлау, кұлдилау.
- Қимылдың объектіге жакындыгын білдіретін козгалу етістіктері: кел, жакында, жанас, маңайла.
- Қимылдың объектіден алыстауын білдіретін козгалу етістіктері: кет, жөнел, зыт, каш, табаныңды жалтырат, ұзактау, алыстау, жогалу, жөнелу.
- Қимылдын жогарыдан төмен карай багытталғандыгын білдіретін етістіктер: түсу, кұлдилау, төмендеу, төгілу, кұлау.
- Қимылдың төменнен жогары карай багытталгандығын білдіретін етістіктер: шығу, өрмелеу, өрлеу.
- Белгілі бір межемен кедергімен байланысты қолданылатын козғалу етістіктері: кіру, шыгу, өту, асу, аттау, секіру.
- Қимылдың тездігімен байланысты қолданылатын қозғалу етістіктері: шабу, желу, жүгіру, зырлау, табаны жерге тимеу.
- Қимылдың орындалу тэсілдерімен байланысты қолданылатын қозгалу етісгіктері: жорғалау, аяғының ұшымен басу, ентелеу, балпаңдау, талтаңдау, аяғын майда басу.
- Сұйык заттардың козғалуымен байланысты колданылатын етістіктер: ағу, тамшылау, сорғалау, атқылау, кұйылу , жосылу, төгілу, саулау.
- Сөйлеу етістіктері.
- Хабарлау етістіктері. Мысалы : айту, сөйлеу, хабарлау, жеткізу, дерек беру, хабар беру, аузынан шыгып кету, арыз айту, тілге келді, сөзге араласты.
- Сөйлесу етістіктері. Мысалы: сөйлесу, эңгімелесу, эзілдесу, айтысу, келісу, тартысу.
- Сұрак-жауап мэнді сөйлесу етістіктері: сүрау, сүрастыру, хабар салу, іздеу, тергеу, жауап беру,.
- Көңіл -күйге байланысты қолданылатын сөйлеу етістіктері: мыскылдау, келекелеу, мазак кылу, мазақтау, қаргау, балағаттау, сөгу, мақтау, жамандау, мадактау, жер мен көкке
сигызбау.
- Индивидуал карым-қатынасты білдіретін сөйлесу етістіктері: жалыну, жалбарыну, сүрану, тілеу, тілек білдіру, мінэжат ету, бүйыру, өкім ету, эмір қылу, насихат ету.
- Бейнелік мэнді сөйлесу етістіктері : оттау, міңгірлеу, аузынан ак ит кіріп кара ит шыгу, көбік ауыздану, былшылдау, бөсу, шіңкілдеу, сыпсыңдау.
- Қапып -сапа етістіктері.
Бұл етістіктерді галымдарымыз калып-сапа не калып-күй етістіктері деп атап жүр. Егер семаларының ара-катынасын салыстырып өз іштерінен топқа бөлінеді.
- Қалып-сапа етістіктері. Бүл етістіктер көбіне иелік зат есімдерге не сын есімдерге байланысты калып-сапаны білдіреді де, сол сапаның біртіндеп өзгеруін не түрактылыгын анык көрсетеді. Мысалы: ұзару, азаю, көгеру, көбею, агару, калыңдау.сөну, жану, шіру.
- Адамның не жанды заттардың калып-күйін білдіретін етістіктер: азу, тозу, семіру, жантаю, қисаю, үйықтау, ауру, өлу, ісу, жүдеу, шаршау, арықтау.
- Таза калыптық мэнді білдіретін етістіктер: отыр, жатыр,жүр, түр.
- Сезіну етістіктері.
- Көру етістіктері. Бүп топка енетін етістіктер көздің кызметімен байланысты болады. Мысалы: көру, карау, тігілу, көз кырын салу, телміру, сығалау, көз салу, көзін алмау, көзден
өткізу.
- Есту етістіктері. Мысалы: тыңдау, есту, кұлак салу, күлакка жету„ күлактүру.
- Иіске байланысты етістіктер: сасу, мүңк ету, аңку, бүзылу, иістену, мұрынды жару.
- Теріге байланысты етістіктер: жаурау, қышу, ауру, сыздау, тоңу, ұю, сыну, жану.
- Ойлау етістіктері.
Бүл лексика-семантикалық топтагы етістіктер ойлану процесімен тікелей байланысты болады. Мысалы: ойла, ойга түсіру, ойга шому, ойдан өткізу, ойдан шыгару, түсіну, аңдау, ескеру, есіне салу, кабырғаңмен кеңесу, ой таразысынан өткізу, ой талқысына салу, басы кату, басы айналу, шамалау, мэнісін аңду.
Көңіл-күй етістіктері.
- Таза психологиялық процестермен байланысты етістіктер. Мысалы: үялу, кысылу, тартыну, бетінен оты шыгу, абыржу, сескену, корку, куану, көңілі толу.
- Адамдардың эмоциясымен, көңіл — күйімен байланысты етістіктер. Мысалы: үнату, жакгыру, еркелеу, ардактау, элпештеу, ғашық болу, капалану, ашулану, жылау, долдану, мейірі түсу, мүңаю, жадырау ренжу, таңдану, аузын ашып калу, күлу
- Дыбыс-сес және бейнелеу етістіктері.
- Адамның жэне жан-жануардың дыбыстарына байланысты қолданылатын етістіктер: мөңіреу, маңырау, үру, эупілдеу, күркілдеу, сырылдау, үлу, ырсылдау, кісінеу, боздау, сыңсу.
- Табигат дыбыстарына байланысты қолданылатын етістіктер : шытырлау, гүрілдеу, саркырау, сыңгырлау, тарсылдау, тықылдау.
- Адамның бет кұбылысына , сырткы көрінісіне байланысты колданатын бейнелеу етістіктері: бадыраю, адыраю, аңқаю, көзі алақандай болу.
- Табигаттың көрінісіне байланысты қолданылатын бейнелеу етістіктері: жаркылдау, жайнау, қүлпыру, шайкалу, толку.
- Қимыл-эрекеттің орындалу тэсілімен байланысты колданылатын бейнелеу етістіктері: теңселу, қайқаңдау, елбектеу, далбандау, ербеңдеу, көлбендеу,жалпылдау, ойқастау, жалп- жалп ету.
Я Өсіп-өну етістіктері.
- Тірі организмдердің туып-өсуімен байланысты етістіктер : балалау, боталау, қоздау, күшіктеу, жүмыртқалау, бұзаулау, төлдеу, босану, бала көру, немере көру, балапан ашу.
- Табигаттын өсуімен, көркеюімен байланысты колданылатын етістіктер: өсу, жапырақ шығару, жапырақтау, бүртік жару, гүлдеу, түйіндеу, гүл жару.
- Пісіп-жетілуге байланысты етістіктер: пісу, торлау, жетілу, ер жету, бой жету, картаю.
- Табигаттың түрлі қубылыстарына байланысты қолданылатын етістіктер: түнеру,) бүлттану, күн шыгу, күн бату, ай туу, борандату, желдету, кас-караю.
- Субъектив рецді білдіретін етістіктер:азсыну, менсінбеу, бойын аулак салу,] білгішсіну, масаттану, мұрнын көтеру.
А.Ыскақов морфологиялық кұрылымына қарай етістіктерді жалаң етістіктер жэне күрделі етістіктер деп екі салага бөлген. Сонымен катар тілімізде аналитикалык етістіктер де калыптаскан деп ескерткен. Жалаң етістіктердің өзін түбір етістіктер жэне туынды| етістіктер деп екі топка жіктеген.
Ы.Маманов етістіктерді негізгі етістіктер жэне функциялык етістіктер деп бөледі. Осының ішіндегі негізгі етістіктерді лексика-грамматикалық магыналарына қарай түбір етістіктер жэне модификациялык етістіктер деп бөледі.