17 апреля, 2018 10:56
ФОРМАЛАРЫ
Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері туралы да ғалымдардың пікірлері әр түрлі. М.Балакаев сөз бен сөзді байланыстыруға дэнекер болатын синтаксистік тәсілдерге септік, тэуелдік, жіктік, көптік жалгауларын жэне шылауларды (септеуліктер, жалғаулықтар), сөздердің орын тэртібі мен интонацияны жаткызады да, сөздердін косымшалар арқылы байланысуын синтетикалык тэсіл, ал қосымшаларсыз орын тэртібі, интонация, шылаулар арқылы байланысуын аналитикалық тэсіл деп карайды.
Р.Әміров синтетикалық тэсілге септік, жіктік, көптік жалғауларын, шылаулар(жалғаулық, септеудік), сөздердің орын тэртібі мен интонацияны аналитикальщ тәсілге жатқызады. О.С.Ахманова, Т.Сайрамбаевтар сөз тіркесінің байланысу тәсілдерін синтетикалық, аналитикалық, аналитика- синтетикалық деп үшке бөледі.
Біздің ойымызша, оқулыктагы сөз тіркесі туралы түсініктен бүрын койылған сөздердің байланысу тәсілдері де, байланысу түрлері де сөз тіркесі нысанасында каралуы кажет. Себебі қазақ тіліндегі сөз бен сөзді байланыстыратын амалдар алуан түрлі. Осындай тәсілдердің аркасында сөздер өзара байланыска түсіп, тізбектеліп, сөйлем кұрамына енеді. Сөздер бір-бірімен байланысқанда белгілі бір заңдылыктарға сүйеніп байланысады. Мәселен, жүгіре-жүгіре шаршады тіркесін алайық. Осындағы жүгіре-жүгіре сөзі қосарлану тэсілі арқылы жасалған, яғни қос сөзге тән тәсіл, бірақ нэтижесі сөз тіркесі емес, қос сөз. Сол сиякты Ботакөз, итмүрын, соқыртеке сөздеріндегі байланыстыру амалы — бірігу тэсілі, нәтижесі біріккен сөз. Әрине, біріккен сөздер тарихи тұрғыдан алғанда сөз тіркесінің қатарына жатқаны күмэн туғызбайды. Бірақ тілдің дамуы барысында олар сөз тіркесі құрамынан шыгып, біріккен сөзге айналған. Сөздердін байланысу тәсілдерін окулықтарда: 1/ қосымшалар арқылы байланысуы; 2/ септеулік шылаулар аркылы байланысуы; 3/ орын тэртібі аркылы байланысуы; 4/ интонация арқылы байланысуы деп береді.
Сөз тіркесінің қосымшалар арқылы байланысуын сөз еткенде мынаны нақтылай түсу керек. Байланыстың бұл түріне көптеген еңбектерде көптік, септік, жіктік, тәуелдік жалғаулары жаткызылып жүр. Әрине, септік, тәуелдік жалгаулары аркылы байланысқан тіркестер күмэн туғызбайды. Бірақ көптік жалғаулары әр уақытта сөз бен сөзді байланыстыра алмайды, тек өзі жалганған сөзге көптік мағына үстейді. Қазак тілінде көптік жалғау 2-жакта жіктік жалғауымен қабаттасып келгенде ғана сөз байланыстыруға катысады: сендер оқушысыңдар, сендер келгенсіңдер, отыргансыңдар, сендердің айтқыларың келмейді.
Ал жіктік жалғауы арқылы жасалган сөз тіркестері сөйлемнің каңқасын құрайды, себебі жіктік жалғауы арқылы байланыскан сөздер көбінесе бастауыш жэне баяндауыштан тұрады, бір-бірімен қиыса байланысады. Сондыктан қиыса байланысқан сөз тіркестері сөйлемнін аясында қаралуы керек. Себебі, қиысу екі жақты байланысқа негізделеді, яғни бірінші сөз атау септігінде тұрып, екінші сыңары атау септікте тұрған сөздің кай жақта тұруына қарай сол жақтағы жіктік жалғауда жұмсалады. Сол жіктік жалғаудың жак түріндегі тұлғасына карай бірінші сөз де семантикасы арқылы белгілі жақта тұрады. Бірақ бұл байланыс субъектілік-предикаттық қатынаста жұмсалатындықтан сөз тіркесі болмай, сөйлем болады. Міне, сондықтан да көптік жалғауы сиякты жіктік жалғауы да сөз тіркесінің байланысу тәсілдерінің катарына ене алмайды.
Кейінгі кездері ғалымдар косымшалар аркылы байланысу тәсіліне көсемшенің -й, -е, -іп жұрнақтары арқылы байланысқан сөз тіркестерін де жатқызып жүр. Мэселен, мен етпеттей жыгьілдым (Ж.Тэшенов). Андамай сөйлеген ауырмай өледі (Мақсиі). Жапырақ көгермей солды, жастық гүлденбей влді (Макал). Сөйлемдеріндегі етпеттей жыгылдым, аңдамай сөйлеген, аУырмай өлер, квгермей солды, гүлденбей өлді тіркестері көсемшенің -й *¥рнағы арқылы өзінен кейінгі сөзбен байланысып тұр. Алайда, сөз тіркестеріндегі сөздердің жұрнактар арқылы байланысуы жалғаулар аркылы байланыскан сөздердей актив құбылыс емес. Дегенмен тіл фактілерінде кездесіп отырады.
Сөздердің орын тәртібі аркылы байланысу тәсілінің қосымша тәсілінен өзіндік ерекшелігі бар. Яғни косымшалар аркылы байланысқа түскен сөздер орны жағынан біршама жылжымалы, еркін болатын болса, косымшасыз байланыскан сөздердің орны тұракты, орныкты болады. Орын тәртібі арқылы байланыскан биік тау, үлкен бөлме, алтын сагат тэрізді тіркестерді тау биік, бөлме үлкен, сагат алтын деп өзгертетін болсақ, онда бұл тіркестер предикаттык катынасты білдіреді. Демек, сөздердің орын тәртібі тэсілі сөз тіркесіне катысты грамматикалык мағыналарды айкындауда жетекші кызмет аткарады. Орын тэртібі аркылы байланысқан сөз тіркестерінің күрделі сөздер мен тұракты тіркестерге өте ұксас екенін айта кету кажет, мәселен, жүрек жапгау, қол көру, Аяз ата, т.б.
Интонация тәсілінің есім сөздерден жасалған сөйлем мен анықтауыш сөздерден жасалған сөз тіркестерінің жігін ажыратуда аткаратын кызметі зор. Мысалы, Бұл — мұғалім, бұл мұгалім. Бірінші сөйлемде бұл сөзінен кейін кідіріс жасап айтсак, сөйлем болады, себебі, бастауыш баяндауыштык кұрылым бар. Ал екіншісінде кідіріс жасамасақ, аныктауыштық катынастағы сөз тіркесі болады.
Сөздердің байлапысу формалары. Ғалымдар сөз тіркесінің байланысу формаларына киысу, матасу, қабысу, меңгеру, жанасуды жатқызады. М.Балақаев жанасуды кабысудың бір түрі ретінде береді. Тіл ғылымында қиысуды сөз тіркесі аясында карау керек пе, не сөйлем ретінде карастыру керек пе деген сұрак төнірегінде айтыс-тартыс көп. Бір ғалымдар оны сөйлем аясында карастырған жөн десе, енді біреулері оны сөз тіркесі аясында карастыру керек деген тұжырымдар айтуда. Мәселен, профессор С.Исаев — “қиысу сөз байланысудың негізгі бір түрі болса да, ондай сөз тіркесі жоқ, яғни қиысу сөз тіркесінің шеңберіне енбейді, сөйлем деп аныкталады.
…’ киысу сөз байланысының бір жолы (тәсілі) болып табылады. Осы жағынан киысу сабақтаса (бір сыңары екіншісіне бағына) байланысудан да, салаласа (бір-біріне бағынбай тең дэрежеде, бірыңғай) байланысудан да өзгеше. Сондықтан қиыса байланыскан сөздер тобы сөз тіркесі емес, сөйлем құрайды, байланыска түскен сыңарлары грамматикалык меншіктілік, катынастык. объектілік, мекендік, мезгілдік, себеп-мақсаттык т.б. сиякты синтаксистік қатынастарды білдірмей, сөз тіркесінің шеңберіне енбейтін субъектілік- предикаттык (бастауыштык-баяндауыштык) қатынасты білдіреді. Сөйтіп, коммуникативті кызмет аткарады”- дейді [27.36-41].
Біз киысуды сөйлем аясында карастыру керек деген тұжырымды қолдаймыз.
Матасудың екі мүшесі де косымша аркылы жасалады. Матаса байланыскан сөз тіркесінің баска байланысу формаларынан бір ерекшелігі — мұнда сөз тіркесінің екі мүшесі бірінсіз-бірі емір сүре алмайтындыгы, екеуі де септік жалғауында тұрғандығы, аныктауышык катынаста жұмсалатындығы, екі жакты байланыста болатындығы. Екінші бір ерекшелігі — оның екі мүшесі Де жак жағынан түрленіп байланысатындығында.
Матасудан кейінгі байланыс түрі — меңгеру. Меңгеріле байланыскан сөз тіркестері бірінші мүшесіне септік жалгаулары жалғану аркылы жасалады.
Сөздердің байланысу формаларының келесі бір түрі — қабыса байланысқан сөз тіркесі. Оның бірінші мүшесі де, екінші мүшесі де еш қосымшасыз, қатар тұру аркылы жасалады. Қабыса байланыскан сөз тіркесінің бірінші сыңары сөйлемде кандай? деген сұракка жауап беріп, аныктауыштыц кызметін аткарады. Мысалы: Бұл өңір ұлы күйші — Құрманғазының сүйегі жатканымен де жүрекке өте-мөте ыстық (Р.Жүлдызбек). Мұндағы ұлы күйші тіркесі қабыса байланыскан тіркес, үлы сөзі сөйлемде анықтауыш кызметін атқарып тұр.
Кейбір жағдайларда кабысуды меңгерумен, матасумен, тіпті күрделі сөзбен шатастыратын кездер де болады.
- Меңгерумен салыстыру. Кейде меңгеру байланысындағы сөздер қатар тұрған кезде септік жалғауы түсіп қалып, қабысуға ұксайды. Мысалы: Ол хат жазды. Мен қант әкелдім. Хат жазды, қант әкелдім тіркестерінің арасына сөз қойсақ, не алдынан сілтеу есімдігін жалғасақ, жасырын тұрған септік жалғауы ашык тұрады. Хатты жиі жазады. Мына қантты мен әкелдім. Бұдан шығатын қорытынды, қабысуды меңгерумен шатастырмас үшін, сырт тұлгасы ұқсас байланысқан сөздердің арасына баска сөз қойса, не алдына сілтеу есімдігін койса, ұксас сөз тіркестерінің байланысу түрлерінщ кай түріне жататындығы оңай ажыратылады.
- Матасумен салыстыру. Матасудың бірінші сыңарындағы ілік септігі жалғауы түсіп калып, қабыса байланыскан тіркес сияқты болып көрінеді. Мысалы: Әке ақылы, ауьіл баласы. Мұндай тіркестердің қабыса емес, матаса байланысып тұрғанын соңғы сөздегі тэуелдік жалғауынан байкауға болады, егер тәуелдік жалғауын түсіріп айтар болсақ, олардың арасындағы грамматикалық байланыс бұзылады, яғни әке бала, ауыл бала болып калады да, мағынаға нұқсан келеді. Әке баласы, ауыл баласы тэрізді тіркестердің екінші бір ерекшелігі изафеттің 2-түрі 3-түріне ұласады. Бұл аталған тіркестердің генетикалық тұрғыдан байланысы бар екендігін, әке баласы, ауыл баласы Дегендер меншіліктілік мэнді білдіру касиетінен мүлдем қол үзіп кетпегендігін көрсетеді.
- Күрделі сөзбен салыстыру. Бір қарағанда, күрделі сөздің бірінші сыңары екіншісімен қабыса байланысқан тәрізді болып көрінеді. Мысалы: он бес, жүз отыз, ақ қүба т.б. Күрделі сөздерде сөз тіркесіне тэн негізгі белгілер болмайтындыктан, оның бірінші сыңары екіншісімен қабыса байланыспайды.
Қабысу байланысында дауыс ырғағына да көңіл бөлінеді, қабыса байланысқан сөздер бір леппен айтылады. Мысалы: Бүл оқушы, көк аспан. Ал, б-М — оқушы десек, екі сөздің арасында кідіріс бар, сондықтан олардын аРасындағы карым-қатынас сөйлем түрінде беріліп тұр.
Сөз тіркесінің байланысу формасының тағы бір түрі — жанасу. Тіл ғьілымында жанаса байланыскан сөз тіркестері туралы екі түрлі пікір бар. Тілшілердің бір тобы жанасуды сөз тіркесінің байланысу формасының бірі деп *еке қарастыратын болса, екінші бір топтағы ғалымдар жанасуды қабысудың б‘Р түрі деп қана карастырады, яғни арасына сөз салуга келсе жанасу, келмесе кабысу деп карастырады. Біз де осы соңғы пікірге косыламыз. Қабысу байланысындағы сөздердің бірінші мүшесі сын есім, сан есім, сілтеу есімдіктерінен болады да, екінші мүшесі зат есімнен тұрады және арасына сөз салуға болмайды. Ал жанасу байланысындағы сөз тіркесінің бірінші сыңары көбіне үстеуден, кейде септеулік шылаулар аркылы жасалады. Мысалы: Қасақана айтты, шапшаң қимьілдады, сабақтан соң келді, үйге дейін барды т.с.с^
Сондай-ақ қабыса байланыскан сөз тіркесінің бірінші сыңары сөйлемде анықтауыш, екінші мүшесі бастауыш болады. Ал жанасуда бірінші мүшесі пысықтауыш, екінші мүшесі баяндауыш болады, сондықтан, сырткы тұлғалары бірдей сөз тіркесін ажырату үшін кай сөз табынан жасалғанын біліп алып, сұрақ қою аркылы қай сөйлем мүшесі екенін анықтап немесе екі мүшенің арасына, не бірінші мүшенің алдына сөз айтып көрсе, сонда оның қай байланысу формасына жататындығын тез айыруға болады.
Сонымен қорыта келгенде сөз тіркесі синтаксисі бойынша мынандай тұжырым жасауға болады:
Сөз тіркесі туралы түсіпік:
-кем дегенде толык мағыналы екі сөзден тұратындығы;
-бір-бірімен салаласа байланыспай, сабақтаса, яғни, бірі екіншісіне иек арта, бағына байланысатындығы;
-олардың байланысынан басқа бір лексикалық мағына пайда болмай, грамматикалык мағына туатындығы.
Сөз тіркесі жәпе оган үқсас түлгалар:
-атаулы сөйлем сөз тіркесі бола алмайды. Сол сияқты, кез келген сөздердің тіркесі атаулы сөйлем бола алмайтындығы;
-тұракты, терминдік тіркестердің, күрделі сөздің, салаласа байланыскан тіркестердің, толык мағыналы сөздер мен көмекші сөздер тіркесінің сөз тіркесі катарына жатпайтындығы.
Сөз тіркесіп топтастыру туралы:
-басыңқы сыңардың қай сөз табынан жасалуына қарай есімді, етістікті болып бөлінетіндігі;
-есімді сөз тіркестерінің бірінші пайда болғандығы;
Сөз тіркесінің байлапысу тәсілдері:
-кейбір сөз тіркесінің байланысу тәсілдеріне аталып жүрген көрсеткіштердін ішінен тек септік, тэуелдік жалғаулары, септеулік шылаулар жэне орын тэртібі тәсілі мен интонация жататындыгы;
-кез келген тэсілдің сөз тіркесін тудыра бермейтіндігі (біріккен сөз, кос сөз); -жіктік жалғауы аркылы жасалған тіркестердің көбінесе сөйлем болатындығы. Сөз тіркесіпің байланысу формалары:
-сөз тіркесінің матасу, меңгеру, қабысу, жанасу байланысу формаларынын барлығы;
-киысу байланысының сөз тіркесі емес, сөйлемнің аясында каралу керектігі.
Сөз тіркесініц қүрылысы:
-сөз тіркесінін синтаксистік бірлік ретінде өзіне тэн кұрылысы болатындығы; -бір-бірімен сатылай және жарыса байланысатындығы. Сөз тіркесінің лексика-грамматикалықмагыпалары:
-кем дегенде толық мағыналы екі сөздің тіркесінен жаңа бір грамматикалық магына, яғни анықтауыштык, толықтауыштық, пысыктауыштык мағына пайда болатындығы;
-ол, негізінен, бағыныңкы сыңардың қай сөз табынан жасалганына қарай ажыр аты л атын дыгы.