15 февраля, 2018 20:02
Білім беру процесін тиімді басқару үшін, бүл процестің барысы мен нәтижелері туралы толық ақпарат болуы керек.
Мүндай ақпарат көздерінің арасында сабақты бақылау мен педагогикалық талдау аса маңызды болып табылады, өйткені дөл осыдан ғана оқу орнының жетекшілері білім беру процесінің барысы туралы анағүрлым дәл әрі дөйекті мөліметтер алады және солардың негізінде қажетті басқарушылық шешімдер қабылданады.
Теориялық оқыту сабақтарын бақылау, оның мақсаты мен түрлеріне қарамастан, белгілі бір жүйелілікте іске асыратын бірнеше кезеңдерден түрады:
- сабаққа қатысатын тексерушінің дайындығы;
- сабақтың барысы мен нөтижелеріне қатысу, оларды талдау;
- өткізілген сабақты оқытушымен қосылып педагогикалық талдау;
- бақылау нәтижелерін ақырғы түжырымдау;
- бақылау қорытындысы бойынша үсыныстардың орында- луын тексеру.
Сабақты талдау бағдарламасы (кестесі) көп жағдайда оған қатысудың мақсаттарына, тексерушінің төжірибесіне, үйымдас- тырушы шарттарға және бірқатар өзге факторларға бағыныш- ты. Теориялық оқыту сабағының барысын педагогикалық тал- даудың кысқаша маңызын қарастырайық.
Сабақты талдау, өдетте, тақырыптар бойынша сабақтар жүйесіндегі орын анықтаудан, яғни тақырыптың мазмүнға қан- шалықты сай келетінін анықтаудан басталады.
Сабақтың мақсатын талдау. Бүл жерде екі нәрсе маңызды: оқытушының сабақ жоспарында сабақтың мақсаты — ағарту- шылық, төрбиелеушілік және дамытушылық мақсаттары қан- шалықты дәл және айқын қойылған және олар тікелей сабақ барысында қалай іске асырылады.
Сабақтың рационалдық құрылымын бағалай отырып, жетекші бұл сабақтың үйретілетін тақырыптар бағдарламасы бойынша сабақтар жүйесіндегі орны мен рөлін, оның дидактикалық, тәрбиелік және дамытушы мақсаттарын, оқу материалының мазмұны мен сипатының ерекшеліктерін, оқушылардың қүра- мын, оқу кабинетінің жабдықталуын ескеру тиіс. Сондай-ақ сабақтың нақты құрылымының жоспарға сөйкестігі, егер оқыту- шының жоспардан ауытқушылығы орын алса, оның қанша- лықты мақсатқа сәйкестігі бағалануы қажет.
Сабақтың элементтерінің таңдамалы жүйелігінің рационал- дылығын бағалаумен қатар, олардың өрқайсысына бөлінген уақыт мөлшерінің оңтайлылығын бағалауда маңызды.
Оқу материалының мазмұны бойынша сабақты талдай оты- рып, оның оқу бағдарламасы талаптарына сөйкестігін анықтау қажет. Мұның барысында, біріншіден сабақ мазмұнының бағ- дарламаның сөйкес қағидаларын қамтуының толықтығын, түта- стығын бекіту маңызды болса, екіншіден кей жағдайларда орын алуының нөтижесінде оқушылардың шамадан тыс жүктелуіне өкелетіндіктен бағдарламалық талаптардан шығып кетпеуді ес- керу маңызды.
Сабақты талдаудың негізгі буыны оқытушының және оқушы- лардың оқу жүмысының әдістері мен тәсілдерін қолдануды таңдау мен оның тиімділігін, олардың жарасымдылығын баға- лау болып табылады.
Осы мақсатта мынадай мәселелер айқындалады: сабақта қандай өдістер мен өдістемелік төсілдер қолданылды; бүл өдістер берілген сабақтың оқу-тәрбиелік міндеттеріне, оқу материалы- ның мазмұнына, оның күрделілік деңгейіне, оқушылардың дайындық деңгейіне қаншалықты дәрежеде сөйкес; өдістердің қандай қосындысы қолданылды жөне олар қаншалықты раци- оналды; оқытушының сабақта қолданған әдістерінің оқытушы- лық, төрбиелеушілік жөне дамытушылық функционалдары қай деңгейде іске асырылды; қолданылған өдістер оқушылардың ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамытуға, оқытылатын пәнге деген қызығушылықтарын тереңдетуге қаншалықты ықпал етеді; оқытудың әдістері оқушылардың танымдық белсенділігін қандай деңгейде ынталандырады; олар дербес өз бетінше оқу жүмысының дағдылары мен шеберліктерін (білімді өз бетімен игеру қабілеттері) қалай қалыптастыра алады. Сабақты педаго- гикалық талдаудың маңызды компоненттері қатарына оның оқушыларға тәрбиелік ықпалын бағалау, оқушылардың білімдері мен қабілеттерін бақылау мен бағалаудың әдістемесі мен үйым- дастырылуын, мазмұнын талдау, үйге берілген тапсырмаларды оқушылардың жеткізу шаралары мен мазмүнын талдау жатқы- зылады.
Сабақты педагогикалық талдаудың қажетті элементі оның тиімділігі туралы қорытынды болып табылады. Сабақтың нөтижелерін тексерудің өзге де төсілдерінен тексерушінің оқушы- лармен жүргізген қысқаша сауалнамасын, жетекшінің тапсыр- масымен оқушылардың шағын бақылау жүмыстарын орындау- ын, оқушылардың дөптерлерімен танысу және т. б. атап өтуге болады.
Сабақты бақылаудың соңғы кезеңі жетекшінің оқытушымен өткізілген сабақты талдау мақсатында жүргізген қорытынды әңгімесі болып табылады. Мүндай әңгіме, өдетте, сабақ өткізілген күні, “із суытпай” өткізіледі.
Басында оқытушы өткізілген сабақтың өзіндік талдауын жасайды, ол өз пікірінше, қойылған мақсатқа қалай жеткенін түйіндейді, өткізілген сабақтың мазмүнындағы, үйымдастыры- луы мен әдістемесінде қандай кемшіліктер көретінін, қандай қиындықтарды игеруге тура келгендігін айтып өтеді.
Мүндай өзіндік талдаудан кейін, жетекші сабақ барысында жасалынған жазбалар мен ескертпелердің негізінде өткізілген сабақтың толық талдауын береді.
Сабаққа баға бере отырып, жетекші бастапқыда оқытушы жүмысының жағымды жақтарын, онан ары бекітілуі және да- мытылуы тиіс оның жетістіктерін, табыстарын, қызықты педа- гогикалық тапқырлықтарын атап өтеді. Сонан кейін ол кемшіліктер мен қиыншылықтарға тоқталады, оқытушымен бірлесіп оны игерудің жолдарын белгілейді, егер керек болған жағдайда үсыныстардың іске асырылу мерзімдері анықталады.
Сабақты талдай отырып, сондай-ақ оқытушының жүмыс стилін, оның педагогикалық мөдениетін, сөйлеу техникасын, пәнді меңгеру тереңдігін, сабақ өткізудегі үйымдастырушылы- ғын, оқушылардың қызығушылықтарын, белсенділіктерін, төртіптілігін бағалау да керек. Сондай-ақ сабақты талдау оны өткізудің сыртқы жағдайлары мен шарттарын бағалауды да қажет етеді: оқытудың көрнекі, көмекші, техникалық құрал- дармен, дидактикалық материалдармен қамтамасыз етілуі; керекті қүралдардың, жабдықтардың, приборлардың болуы; оқытушы мен оқушылардың жүмыс орындарының жағдайы; сабақ өткізудің санитарлық-гигиеналық жағдайлары.
Сабақты қорытынды талдау — бүл шығармашылық ізденіс, ең басты мөселеге — оқытушының педагогикалық шеберлігін өсіруге, оқу-тәрбие процесін жетілдіруге бірдей мүдделі екі әріптестің өңгімесі. Сондықтан қорытынды пікірлесу ізгі ниетті жағдайда, өзара түсіністік пен сенім ахуалында өтуі тиіс.
Мұндай өңгіменің барысында тексеруші сабақ барысында алдын ала дайындалған картаға белгілеп отырған, өткізілген сабақтың кемшіліктерінің себептерін талдайды; мүндай карта- ның үлгілі формасы 35-кестеде келтірілген. Мүндай карталар- ды талдай отырып, көптеген оқытушылар үшін төн сабақ өткізудің көдуілгі кемшіліктері мен олардың себептері айқын- далады. Бүл оқытушыларға көмек көрсетудің формасын дүрыс таңдауға мүмкіндік береді: дәрісті өткізуде, практикум мен төжірибе алмасуды үйымдастыруда, сабақты материалдық-тех- никалық жабдықтауды жетілдіру бойынша шараларды қабыл- дауды және т.б.
Сабақты бақылаудың нөтижелерін соңғы қорытындылауды жетекші өткізілген сабақты талдау мен оқытушымен пікірлесудің негізінде оқытушылардың өзара сабаққа қатысуы мен талдауы журналына белгілейді. Жазбаның негізін қатынасқан сабақтың жагымды жөне жағымсыз жақтары туралы қысқаша жазбаша талдау жөне аталган кемшіліктерді жою мен сабақ сапасын жоғарылату жолдары туралы жетекшінің оқытушыға берген нақты үсыныстары мен ақыл-кеңестері қүрайды.
Бақылаудың қорытындылары бойынша үсыныстардың орын- далуын тексеру — сабақты бақылаудың белсенділігін жөне нөтижелілігін арттыратын, оның соңғы кезеңі. Тексеруші оқыту- шымен пікірлеседі, оның жоспарларын (перспективалық — та- қырыптың, сабақтың жөне өзіндік өдістемелік жүмыстың жос- парларын), теориялық оқытуды есепке алу журналын, оқыту- шы жүмысын талдау журналында өзге жетекшілердің жазған жазбаларын қарап шығады, сабақтарға қайта қатысып шығып, оны талдау барысында айтылған үсыныстарды оқытушының орындауын айқындайды.