Тері илеу

13 декабря, 2017 17:21

Тері илеудің халық арасында тараған бірнеше дәстүрлері бар. Олар — теріні халық шаруашылығында, зауыттар мен фабрикалар- да илеп, өңдеуден гөрі оңай, мектеп өмірінде қолдануға және мек- теп оқушыларын оқытып үйретуге жеңіл, қолайлы.

Негізінен тері илену кезінде, иде жату процесінде өте күрделі биологиялық жағдайлардан өтеді, органикалық қышқылдардың әсерінен ылжырап, шелдері жұмсарады, жидіп, жүні босап түсе бастайды. Теріні илеудің екі жолы бар: біріншісі, теріні толық малмаға малып батыру, ал екіншісі, иді терінің шел жағынан бетіне әлденеше рет жағып илеу.

Малма үлкен ағаш бөшкелерде дайындалады. Малма іркіттен, ашыған айраннан немесе құрттың сары суынан, кейде, оларға ке- бек болмаса үн қосып ашыған сұйық заттан жасалынады. Теріні илер алдында оны артық еттерінен тазартады, жуып түзынан тазар- тып жүмсартады, сонан кейін ғана барып жоғарыда айтылған ағаш бөшкедегі малмаға салып илеуге болады. Идің қай түрін пайдала- ну өз мүмкіндіктеріңе байланысты. Иде жатқан теріні күніне екі- үш рет араластырып қойып отырыңдар, сонда и терінің барлық бөлігіне бірдей сіңеді, иі жақсы қанады. Илердің жылы болғаны теріні тезірек жетілдіріп қандырады. Шамамен қой, ешкілердің терілері 6~9 күн аралығында иге қанып шығады, ірі қара мал мен жылқы терілері 14—18 күн аралығында дайын болады. Терінің иінің қануын анықтау үшін ауыл ақсақалдары терінің шел жағына үшкір заттың үшымен батыра сызып көрген, сол уақытта ақ жолақ пайда болса, онда иі қанған деп, малмадан алып әрі қарай өңдеп, болмаса өткір тебен инемен тесіп көрген, егер тесілген тесік қосылып бітелмесе, онда терінің иі қанғаны. Осылай иі қанған теріні алып жуып, сөренің астына үстап біраз кептіреді де, оны көлбеу қойған бақан ағашқа іліп, қырғымен шелінен тазартып жұмсартады.

Жүмсарту кезінде арнаулы талқы ағашын пайдаланады. Әр ауылдың шеберлері өз ыңғайына қарай, жұмыс барысына қарай талқының бірнеше түрлерін жасап пайдаланған.

Терінің шелін алып тазарту процесі — теріні одан жасайтын затқа, бұйымға дайындау болып табылады. Оның шелін алу, тал- қыға салып созу, керу, терінің түріне, сапасына, қандай малдан сойылып алынғанына да байланысты. Терінің шелін арнаулы жа- салған қырғы арқылы қырып алады, ақшылдау түсті болуы және шелі оңай алынуы үшін — бор, үнның кебегін жағып отыру ке- рек. Тері көлбеу орнатылған жүмыр ағашқа ілініп, астына кенеп, шекпен төселеді, сонда қырғы теріні жыртып немесе тесіп кетпейтін болады. Арасында талқыға салып керіп отыру қажет. Тал- қы — қолдан жасалып алынған, айыр бүтақтан жасалған, теріні со- зып керуге арналған құрал. Мына суретке қарап отырып өздерің жасап алуларыңа болады (17-сурет).

Үсақ малдар мен аң терілері ашытып істелінген илерді әлденеше рет жағу арқылы, иі қанғаннан соң қолмен уқалай отырып қырғы не өтпейтін пышақпен шелін алу арқылы дайындалған. Жазда ке- бек, іркіт, айран қолданылса, қыс айларында қүртгы езіп пайдалана- ды. Іркітті, қүртгы жаққаннан кейін теріні бүктеп, орап жылы жерге 3-4 күнге қойып қояды, иі қанбаған теріні қайтадан иді жағып 2—3 күнге қалдырады. Иі қанған аң терілерінің шелі қабыршықтанып көтеріле бастайды, ондай терілер өңдеп шелін алуға жеңіл, оңай болады. Дайын болған терілердің майы азаюы үшін кебек қоса уқала- нады. Сонда тері ағарып, жақсы өңге енеді. Бұл өңдеуге лақ, қозы, түлкі, қоян, қарсақ т. б. аң терілері жақсы көнеді.

0

Автор публикации

не в сети 3 года

Kazaksha Info

3
Комментарии: 1Публикации: 110Регистрация: 06-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля