25 апреля, 2018 9:52
Тұйық етістік (кейде қимыл есімі, қимыл атауы) етістіктің мағына жағынан да, түрлену жүйесімен де ерекшеленетін функциялық формаларының бір түрі.
Барлық етістік формалары жіктеліп, жақтық, шақтық мағынаны аңғартса, кимыл есімінде ондай белгі жоқ. Керісінше, есімдерше көптеліп, тэуелденіп, септеліп қолданылады.
Қимыл есімінің етістіктің бір түрі бола тұрып мұндай ерекшелікке ие болуы қимыл эрекеттің өзін емес, сол әрекеттің атауы ретінде қолданылуына байланысты.
Тұйық етістік түбір етістік пен туынды түбір етістікке -у, (-ұу, -үу), ыс (- іс), -мақ (-мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) жұрнақтары жалғану аркылы жасалады.
Қимыл есімінің жұрнағы жалғанбайтын бірде-бір туынды етістік жок. Демек, барлык кимыл-әрекеттің атауы болады екен.
Түбір не туынды етістікке кимыл есімдерінің жұрнағы жалғанғанда қимылыдң атайы ретінде қолданылғанымен салт жэне сабактылық мағынасы толык сақталады. Сондықтан түбір етістік пен туынды түбір етістіктің септік формадағы сөзді меңгеруі қимыл есіміне айналғанда да сол қалпын сақтайды.
Қимыл есімін кимылдың өзіне емес, атауын білдіреді десек те, онын етістік шеңберінен шығып кетпейтінін, (конверсиялануды есептемегенде) етістіктің функционалдық формасы болып калатынын аңгарамыз. Қимыл есімі үш түрлі жұрнақ арқылы жасалганымен мағыналарында айырмашылық болмайды. Бэрі де қай қимыл-эрекетті білдіретін етістікке жалғануына қарай сол қимыл-эрекеттің атауын ғана білдіреді. Дегенмен, қазақ тілінде бүл үш жұрнақтың етістікке жалгануы, колданыс аясы бірдей емес. Сондықтан кимыл есімдерін жасайтын жұрнактарға жеке-жеке токталуға тура келеді.
-у. (-ұу. -үу) жұрнағы арқылы жасалған кимыл есімі формасы — тілімізде ең жиі қолданылатын форма. Қимыл есімінің бұл түрі аныктайтын сөзінен бөлініп тәуелдену, септелу аркылы заттанып та колданыла береді.
-у қосымшалы қимыл есімінің осылайша атау септігінде колданылу үрдісімен зат есім ретінде колданылатын сөздер пайда болған.
Қимыл есімінің бұл түрі барлық септікте түрленеді. Дегенмен кимыл есімінің септелуінде баска сөз таптарына қарағанда өзгешелік басым. Мәселен, септік жалғаулары зат есімге тән болгандықтан септелген сын есім, сан есім, есімше т.б. заттанып колданылатыны белгілі.
Қимыл есімнің септік формада колданылуындағы өзгешелік грамматикалық мағынасына да әсер етіп, зат есімнің септік формаларының грамматикалық магынасынан айырыкшаланады.
-ьіс, (-іс, -с) жұрнағы арқылы жасалған кимыл есімі — сиректеу қолданылатын форма. Қимыл есімінің бұл түрінің жұрнагы ортак етіс жұрнағымен омонимдес болғандықтан, қазак тілі грамматикасында бұл екі форманы шатастыру, -ыс формалы етістіктің бэрін ортақ етіске жаткызу байкалады.
Шындығында, бұл етістіктен ортақ етіс те, кимыл есімі де -ыс, -іс жұрнағы жалғанатындықтан жеке тұрғанда дербес магынасы аңғарылмайды. Оны тек контексте ажырату мүмкін.
Сондықтан қимыл есімі мен ортак етіс формасының өзгешеліктеріне тоқтала кету орынды болмақ.
- Ортақ етістің грамматикалық мағынасы эрқашан іс иесі екі не одан да көп екенін білдіреді. Ал қимыл есімінде іс иесінің санына қатысты мағына болмайды.
- Ортақ етіс формасы рай, көсемще, есімше формасында колданылады.
Қимыл есімі тек есімдерше тәуелденіп, септесіп колданылады.
- Ортак етіс формасында колданылып тұрған сөзді -у косымшалы кимыл есімімен ауыстыруға болмайды. Ал кимыл есімдерінің жұрнағы өзара алмаса береді.
- Ортак етіс формасына кимыл есімінің -у, -мақ жұрнағы жалғана береді, ал -ыс жұрнакты кимыл есіміне бұл жұрнактар үстемеленіп жалғанбайды.
-ыс(іс) жұрнағы арқылы жасалған кимыл есімдері сирек те болса
көптеліп, тэуелденіп септеліп колданылады.
-мақ (-мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) жұрнағы арқылы жасалған кимыл есімдері де бар. -мақ формалы кимыл есімінің қазак тіліндіегі қолданылу аясы тарылып -у жұрнақты қимыл есімінің колданылу жиілігі артып келеді. Сондықтан мақ формалы мен -у формалы кимыл есімі жарыса колданыла Қимыл есімінің бұл түрінің тәуелдік, септік формаларында колданылуы макал-мэтелдерде, көне шығармаларда жиі кездеседі.
Есімшенің бүл түрі болымсыз етістікке жалғанбайды, сондыктан -мақ формалы қимыл есімінің болымсыз формасы кездеспейді. Тілімізде бірлі- жарым кездесетін бармақ емеспін, бармақ емессің, бармақ емес түрінде айтылатын болымсыз етістік қимыл есіміне жатпайды, есімшеге жатады.