2 января, 2018 12:36
Жоғарыда біз сұйық немесе газ ортадағы қозғалысты зерттеулердің кейбір эксперименталдық эдістеріне тоқталып кеттік. Әрине, ғылыми зерттеулерде тэжірибелік өлшеулердің маңызы зор.
Бірақ сол зерттеулер нәтижеле- рін сараптау, ұқсас есептерге кеңінен қолдану, оларға кең магына беру, ғылыми негізделген болжамдар айту үшін теориялық ізденістер болу |
міндетті. Тек карастырылып отыр- ған құбылыстың, процестің теория- сы құрылғанда ғана бақылаулар, өл- шеулер жүйелі ғылыми зерттеулердің негізін құрып, арнаулы ғылыми сала қалыптасады.
Осы бөлімде талқыланған сұйық- тықтар мен газдар механикасына келсек, бұл мэселе байырғы болған- дықтан, теориясы айтарлықтай дамы- ған ғылым саласы болып саналады. Бірақ, математикалық аппараттың жеткіліксіздігі себепті, элі де болса шешуін күткен теориялық мәселелер көп. Әсіресе, шешілмеген қиын сұрақтар турбуленттік ағындармен байланысты. Әрине, күрделі құбы- лыстың осы заманда белгілі эр қилы теорияларын толық келтіру түгілі, оның қарапайым суреттемесін жүйелі баяндаудың өзі де бұл оқу- лықтың көлемінде мүмкін емес. Біз тек оқушылардың көңілінде ой қалдыру үшін, өзіміз азды-көпті үлес қосқан саладағы кейбір жетістіктерге тоқталып кетпекшіміз*. |