20 марта, 2018 22:42
Өткен ғасырдың 90-жылдарына дейін морфология оқулықтарында эр сөз табына семантикалык-грамматикалык, морфологиялық және синтаксистік сипаттама берілгенде, ол сөз таптарының жасалу тәсілдері де, ягни сөзжасамы қамтылатын. Бірақ оқулықтарда морфологияның өзінің қарастыратын мэселесі күрделі болғандықган, сөзжасам жан-жақты, толық ашылмады. Осымен байланысты 1990 жылдан бастап сөзжасам жоғары оқу орындарының қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша жеке пән ретінде оқытыла бастады. Алайда сөзжасам жеке пэн ретінде окытылғанымен, оның мәселелері алғашқы грамматикалардан басталғанын ескеруіміз қажет.
А.Байтұрсынов окулыгында “Зат есімнен туған сөздер,, деген тақырыпта “Түпкі зат есімдер түпкі заттың есімін көрсетеді. Түпкі затқа қатысқан екінші зат болса, ол екінші затты атау үшін түпкі заттың есіміне һәр түрлі жұрнақгар жалғанады,,,- дей келіп, ғалым 22 жұрнақты атаған. Мысалы, -шық, -шы жұрнақгары зат есімге жалғанып, сол заттың кішкенелігін көрсететіндігіне тоқгалған: қап- қапшық, үй-үйшік, қүман-құманша, көрпе-көрпеше.
Сондай-ак заттың кішкене һэм сүйкімділігін көрсету үшін сол заттың есіміне -шак, -қан, -қай жұрнақтары жалғанатындығын мысалдармен дэлелдеген: қүлын-қүлыншақ, бота-ботақан, бала- балақай.
А.Байтұрсынов жұрнактардың сөзжасамдык қабілетіне көңіл бөлгенде, олардың сөзге қосатын мағыналарын ерекше назарда ұстаған. Тағы да ғалым оқулығындағы бір жұрнақтың мағынасын келтірейік: Еке жұрнак зат есімге жалғанғанда, сол затты зор тұту үшін я көңіл аулау үшін. Аға деген сөзге еке деген жұрнақ жалғап, “ағаеке,, десек, ағаны зор тұтқанымыз яки көңілін аударғанымыз көрінеді… жалқы есімге жалғанғанда ол есім кыскартылып айтылады, мәселен, “Ысмайыл,, деген есім, жұрнақ жалғанғанда кыскартылып, “Ысеке болады немесе кей сөздерде “еке„ орнына жалғыз й қосылады, мәселен, аға-ағай, апа-апай, ата-атай (7, 215),„- деген ескерту де берген.
Осы А.Байтұрсынов окулығындағы зат есімге жалғанып, “сол заттың кішкентайлығын,, немесе “сол затты зор тұту, көңіл аулау,, мағынасын білдіретін жұрнақтар қазір зат есімнің реңк мәнін тудыратын жұрнактар деп, ал сол жұрнактар аркылы жасалган сөздер реңк мэнді есімдер деп аталады.
Реңк мэнді есімдер жасайтын жұрнақтар казақ тіл білімінде алғаш рет ғылыми тұрғыда Ә.Төлеуовтың зерттеуінде дәлелденді. Автордың өз сөзімен айтқанда, «Бұл топқа енетін морфемалардың айырмасы-сөзге қосылғанда оның негізгі мағынасын өзгертіп жібермей, тек түрлендіріп, кандай да бір көмекші мағына оттенка береді. Екінші сөзбен айтқанда, бұл топқа енетін жұрнақтар жалғанған сөзін өзгертіп, жаңа мағыналы сөз тудыра алмайды, тек түрлендіреді (51 , 17)«,- дей келіп, есімдерден түрлендіріп кішірейту, еркелету мэнді зат есімдер жасайтын жұрнақтардың 11 түрін атап көрсеткен. А.Ыскақовтың «Қазіргі қазақ тілі« (морфология) окулығында «Зат есімнің реңк мэнін тудыратын жұрнақтар« деген такырыппен зат есімнің реңк мәнін тудыратын 13 жұрнак берілген. Ал қазак тілінің сөзжасам мәселесіне арналған Н.Оралбайдың «Қазак тілінің сөзжасамы (2002)« деген окулығында зат есімнің реңк мәнін тудыратын жұрнақтардың саны 24ке жеткен. Ғалымдардың бұл пікірлері қазақ тіліндегі реңк мәнді есімдердің өзіндік мағыналары және жасалу жолы бар зат есімнің лексика- грамматикалық бір тобы екендігін дэлелдейді.
Ал зат есімнің реңк мэнді түрінің тілімізде калыптаскан кұбылыс екендігі проф. А.Ыскақовтың окулығында анык айтылған: «Зат есімдердің ішінде затты я заттык ұғымды әдеттегіше бейтарап түрде атаумен қатар, сол аталған заттың көлем және сапа жагынан қандай екендігін қос-қабат білдіре атайтын да топтары бар. Мысалы: көл, тау, төбе, арба деген сиякты жалпы есімдердін көлшік, таушық, төбешік, арбашық, атан, өгіз, кітап деген тэрізді зат есімдердің атаніиа, өгізше, кітапша деген түрлері бар. Осы аталған екі топ сөздің көлсымақ, таусымақ, төбесымақ, кітапсымақ деген түрлері де бар … сол сияқты әке, шеше, апа тэрізді туыс атаулары әкей, шешей, апай, шешеке, апеке, шешетай, әкетай, апатай, шешежан, әкежан, апажан түрінде қолдану үйреншікті әдет … Нұрлан, Қалия, Әлия тэрізді жалкы есімдер Нұрыш, Қалыш, Әлкен деп айту да-соншалықты дағдылы нәрсе (63 ,149)«.
Тіліміздегі «үлкен тұтып кұрметтеу я сыйлау, кіші тұтып еркелету, кем тұтып комсыну тэрізді эмоциялык әсер, экспрессивтік рең бере колданылатын есімдер« тілдегі жүйелі кұбылыс екендігіне еш күмән жоқ.
Бұны З.Құрманалиеваның «Реңк мәнді туынды зат есімдердің мағыналык құрылымы« деген кандидаттык диссертациясы да дәлелдей түседі. Автор бұрынғы еңбектерде аталмаган зат есімнің түрленген лексикалык мағынасын жасайтын реңк мәнді тағы да 18 жұрнағын ғылыми айналысқа косып, бұрыннан белгілісі бар, барлығы реңк мәнді 42 жұрнақты ғылыми тұрғыда талдаған. Олай болса, реңк мэнді есімдер- зат есімнің өзіндік мағыналық, грамматикалык ерекшелігі бар тобы.