ІЛІК СЕПТІК

23 марта, 2018 22:48

 

Ілік септіктің өзіне тэн қосымшалары бар (-ның,-нің,-дың,-дің,-тың,-тің) жэне бұл косымшалар сөздерге үндестік заңы бойынша жалғанады. Мысалы,окүшь//(ь///, інінің, айдың, желдің, жапырақтың, теректің т.б.

Ілік септік қосымшалы да, косымшасыз да тұлгада колданылады. «Оның солайша я ашык, я жасырын қолданылгандағы магыналары, әрине, дэл бірдей емес, өзара айырмашылық болады. (65, 64)ң Шындыгында да бір септіктің екі тұлғасының тілде қатарынан колданылуы олардың арасындагы белгілі айырмашылыкка байланысты. Өйткені олардың мағынасы мен жұмсалу орындарында, атқаратын кызметінде ешкандай ерекшелік болмаса, бұлардың екеуі бірдей тілде сакталмас еді. Әрине бұл екі тұлганың екеуі де бір септік тұлгасы болғандықтан, олардың мағынасы мүлдем басқа болуы да мүмкін емес. Сонымен бірге бұл екі тұлғаның екеуі де алғашкы бір мағынадан тараған. Ілік септіктің алғашқы мағынасы тэуелдік категориясымен байланысты калыптасқан. Анығырак айтқанда, ілік септік алғаш меншікті заттың иесін білдірген. Көне жазба ескерткіштер тілін зерттеген ғалымдар (Батманов Н.А, Каримов К, Құрышжанов Ә, Томанов М, Ағманов Е, Мамедов Ю.К, Айдаров Ғ.т.б.) ілік септіктің бұл магынасын үнемі көрсетіп отырған.

Міне, сол көне замандардан бері қарай қолданылып келе жаткан ілік септіктің екі формасының мағынасы сол бір қалыпта сақталуы мүмкін емес. Ілік септіктің мағынасы да дамуға түскен. Осының нәтижесінде қазіргі ілік септіктің магынасы өте дамыған.

Ілік септік жалғаулары сөзге жалғанғанда грамматикалық меншіктілікті (иелікті) білдіруі-оның негізгі мағынасы. Мысалы, Мырза аттан түспей, Жаяу Мұсанын үйіне шабарманын жұмсапты (М. Сәрсекеев).

Қазак тілі грамматикаларында көрсетіліп жүргендей, ілік септіктің бұдан баска да магыналары бар:

ілік септіктегі сөз адамдар арасындағы туыстық жақындықты, қарым- қатынасты білдіреді. Мысалы, Мен сол Хакімнің агасымын (X. Есенжанов). Жыршы білгенін інісінін жолдасынан жасырмады (сонда). заттар арасындагы органикалык, табиғи байланысты білдіреді. Мысалы, Жусаннын жапырағы өте ұсак, жалбыздың жапырағы үлкендеу (окулықта).

заттың, нәрсенің бөлшегі неге тән екендігін білдіреді. Мысалы,

Сары май, кұрт, бәтір нан иісі Айгыздың мұрнын жарып жібере жаздады (Қ. Исабеков). Әбдіжан дән риза болған калыппен қартгыц қолын алып хош айтты (С. Бегалин).

— заттардың, кұбылыстардың, абстракциялы ұгымдардың арасындағы әр түрлі тәуелділік карым-катынасты білдіреді. Мысалы, Біреуді ден койып тыңдай білу- әдептіліктің белгісі.

ілік жалғаулы зат есім кейбір қимыл есімдерімен тэуелділік байланыста айтылганда, логикалык субъектіні білдіреді. Мысалы, Өзен жактан балалардын шуылы естіледі (М. Макатаев).

белгілі бір касиеттің, сапаның кімге, неменеге тән екендігін білдіреді. Мысалы, Назым достарының ұйымшылдыгын қызыға әңгімеледі. субстантивтенген сын есім арқылы көрсетіп, сапаның, белгінің не нәрсеге тән екендігін білдіреді. Мысалы, Өзімізге қарасты ағайынның үлкендері де келген (Н. Ғабдуллин).

заттың белгілі бір касиетінің артықшылыгына немесе төмендігіне карай заттардың өзге тобынан даралап, окшаулап көрсетеді. Мысалы, Ақбөбек көріктінің көріктісі еді.

Міне, бұдан ілік септіктің косымшалы тұлгасы меншікті заттың иесін де білдіреді жэне басқа да түрлі катыстык мағыналар да колданылатындығын байқауға болады.

Ілік септіктің жогарыда айтылгандай, косымшасыз да қолданылатын кездері бар. Мысалы, Тэңірберген ат тізгінін карыстырып ұстап алған (Ә. Нұрпейісов). От лебінен ери бастаған кар төбеден мөлт-мөлт етеді (Ғ. Мүсірепов). Жағалай жиі орнатылған жеміс бақшасы бар (С. Шаймерденов).

Осы мысалдардагы ат тізгіні, от лебі, жеміс бақшасы-изафеттік құрылыстағы тіркестер.Бұл тіркестердің алғашқы компоненттері ілік септіктің косымшасыз формасында тұр. Олардың ілік септікте тұрганын оларға тіркескен тәуелдік жалғауының 3-жагында тұрган сөз көрсетеді, өйткені тәуелдік жалғаулы сөз кашан да ілік жалғаулы сөзбен тіркеседі. Сондықтан бұл екі формадағы сөз біріне-бірі көрсеткіш бола алады.

Изафеттік кұрылыстағы тіркестердің бірінші компонентінің ілік септікте тұрғаны басқаша да дәлелденеді. Ол үшін осы тіркестерді ілік септіктің косымшалы формасымен ауыстыруга боладьгаттың тізгіні, оттың лебі, жемістің бақшасы. Осылайша бұл мысалдардағы сөздердің ілік септіктің қосымшасыз формасында тұрғанын анык байкалады.

Енді осы ілік септіктің косымшасыз формасындағы сөздердің кандай мағына беріп тұрғанына көңіл бөлейік. Алдымен бұл изафеттік кұрылыстағы тіркестердің ешкайсысы бір заттың екінші затқа меншіктілігін білдірмейді, яғни мұнда меншіктілік қатыс мүлдем жоқ. Бұл тіркестерде тек кана аттың тізгінге, оттың лепке, жемістің бақшага катысы ғана берілген. Объективті өмірдегі бір-бірімен тығыз байланысты заттардың қатысы көрсетілген, ол-ат пен тізгін, от пен леп, жеміс пен бақша. Осы байланыс ілік септіктің косымшасыз тұлғасы мен тәуелдік тұлга аркылы беріліп тұр.

Сөйтіп, бұл мысалдарда меншіктілік, тәуелділік карым-катынас емес, заттардың бір-біріне жалпы катысы ретіндегі абстракт мағына бар.

Объективті өмірдегі заттардың бірімен бірінің катысы, байланысы сан алуан. Мысалы, Осы арада бұлар күн ыстыгы кайтканша болды (Ә. Нұрпейісов). Ой мешеулігінен камданбаска сабыр жетпейді (Ғ. Мүсірепов).

Осы мысалдардағы зат пен оның белгісі, абстракт зат пен оның белгісі арасындағы байланыс изафеттік құрылыс аркылы берілген. Бұл тіркестерде тэуелділік, меншіктілік ұғым жоқ, тек қана зат пен оның белгісінің арасындагы катынас көрсетілген. Олай болса, ілік септіктің косымшасыз формасы негізінен катыстык мағыналарды білдіреді. Енді солардың негізгілеріне токталайык:

  • объективті өмірдегі зат пен заттың арасындағы табиғи карым-катынасты ілік септіктің қосымшасыз формасы білдіреді. Мысалы, балық майы, ат тұягы, ешкі түбіті, марал мүйізі, сиыр сүті, лақ терісі т.б.
  • осы топка бір заттан тараған екінші заттың алғашқыға катысы да ілік септіктің косымшасыз формасы аркылы беріледі. Мысалы, күн нүры, найзағай оты, от лебі, таң жарыгы, түн самалы, таң салқыны, кеш қараңгылыгы, найзагай оты т.б.
  • мал, хайуанаттар мен төлдер арасындағы қатыс, байланыс та ілік септіктің

косымшасыз формасы аркылы беріледі. Мысалы, ешкі лагы, ит күшігі, қой қозысы, қаз балапаны, қоян көжегі т.б.

  • мекеме мен қызметкер арасындағы қатысты да білдіреді. Мысалы, поезд бастыгы, мүнай инженері.қүрылыс жүмысшысы, мектеп мұгалімі, смена бастыгы, фирма директоры т.б.
  • заттьщ мекеніне немесе, керісінше мекеннің затқа қатысын да білдіреді. Мысалы, гүл алаңы, балықшылар аулы, студенттер жатақханасы, театр үйі, мал қорасы, су қоймасы т.б.
  • бір заттың атымен екінші заттың аталуынан пайда болған заттардың арасындағы қатысты білдіреді. Мысалы, Жамбыл музейі, Абай көшесі, Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі т.б.
  • заттың мезгілге қатысы да ілік септіктің қосымшасыз тұлғасы арқылы беріледі. Мысалы, көктем кезі, түс уақытында, қыс мезгілінде, жьіл аягы, жұмыс аягы т.б.
  • өмірде әр заттың түрлі кимыл-әрекетке түсуі заңды. Заттың кимыл- әрекетінің бірсыпырасы оның белгісі ретінде затпен карым-қатынасқа түседі. Осы байланыс тілде изафеттік кұрылыстағы тіркес аркылы беріледі. Мұндай тіркесте ілік септігінің косымшасыз тұлғасы қимыл-эрекеттің қай затка катысты екенін көрсетеді. Мысалы, Абайға бұл әңгімеден эрі тағы бір әңгіме жатңапы ап-анык көрінді (М. Әуезов). Ауға тэуір балық түсетіпіпе сенімі мол (Ә. Нұрпейісов).

Сонымен, ілік септіктің қосымшасыз тұлғасы білдіретін қатыстық мағьшалардың бастылары осылар.

Ілік септіктің қосымшалы, косымшасыз тұлгада колданылуының өзіндік себептері бар. Проф. М. Балақаев ілік септіктің қосымшалы формасы тәуелденулі заттың қай затқа, кімге меншікті екенін әдейілеп, арнап көрсету керек болғанда ғана қолданылады, ал бұл мағына болмаса, изафеттік кұрамдағы сөздердің бірі екіншісіне заттық сапа ретінде жұмсалса, онда ілік септіктің жалғаусыз формасы қолданылады деп санайды (10, 39)

М. Балақаев ілік септіктің косымшалы, қосымшасыз формаларының мағынасын меншіктілік жэне қатыстық мағынамен ғана байланыстырып коймайды. Сонымен бірге меншіктілік мэнге ерекше көңіл болу, меншікті заттың иесін баса көрсету іліктің косымшалы формасына қатысты деп санайды.

Міне, бұл пікірге ерекше мэн беру керек. Тіл материалдары да осы пікірді растайды. Меншіктілік мағынаны білдіретін изафеттік құрылыстағы сөздер тіркесінде- ол меншіктілік мэннің жалпыланған түрі жэне оның шын мәніндегі бір заттың екінші затқа меншіктілігін, тәуелділігін көрсетуге арналған түрі бар. Басқаша айтканда, жалпы алғанда, меншіктілік мәнге жататын изафеттік кұрылыстагы тіркестердің өзі іштей біркелкі емес. Осымен байланысты мұнда ілік септіктің қосымшалы, косымшасыз формасының колданылуында да айырма бар. Осы ерекшелікті М. Балакаев дұрыс аңғарған. Мысалы: Ішкен мен жегенге мәз боп, мойны-басы былқылдап, ақылдан да, өнерден де кенде жүрген бай баласы аз ба? Үштен, төртген, бес-алтыдан шоғырланған ел кісілері, қалахалқы (М.Әуезов).

Бұл мысалдарда бай бапасы, ел кісілері, қала халқы деген изафеттік кұрылыстағы тіркестерде меншіктілік мэн түрлі дәрежеде. Осылардың ішінен бай баласы дегенде меншіктілік мэн күштірек сиякты болып көрінеді. Бірак, шын мәнінде, бұл дұрыс емес. Себебі, мұнда белгілі бір байдың өзіне тән баласы туралы соз болып отырған жоқ. Мұнда меншіктілік мағына емес, катыстық мағына басым. Сондықтан да осындай фактілерді М. Балакаев ілік септіктің қосымшасыз формасының заттык сапа ретінде жұмсалуы деп таныған. Бірак бұл сапа дегеннен гөрі қатыстық мағына дегенге сәйкес келеді.

Айтылған пікірдің акиқаттығына көз жеткізу үшін осы мысалды нағыз меншіктілік мэнде алып қарайық. Мысалы: Хасен-Жұман байдың баласы. Бұл сөйлемде жоғарыдағы изафетгік құрылыстағы сөздер енді ілік септіктің қосымшалы формасында қолданылып тұр. Яғни бұл мысалдағы эңгіме бір заттың екінші затқа тәуелділігі туралы айтылып жэне бұл магынаға ерекше мэн берілген, өйткені сөйлемнің жалпы мағынасы сол мағынаны білдіруге арналған. Сондықтан да мұнда ілік септіктің қосымшалы формасы қолданылган.

Ілік септіктің сөйлемдегі синтаксистік қызметі-анықтауыш болуы. Мысалы, Исатайдың ақырған даусы естіліп, ол бастаған қалың қол көрінгенде, жау каша жөнелді (Қ.Жұмалиев). Жаңадан жасалатын бұйымдарды да Абайдың ұнататын өрнек-бояуларымен көркемдеуді ескерді (К. Оразалин).

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля