Дизайнерге арналған сөздік анықтама. (Ш)

25 января, 2018 15:17

Шабу — шиді тоқып болған соң, екі шетін тегістеп қырқып тастау.

Шай аяққап — кесе сынып қалмауы үшін киізден ыңғайлап пішіліп, неше түрлі кестеленіп тігілген ыдыс. Оңтүстік облыстардағы қазақтардың тілінде «кесеқап» деп аталса, Батыс Қазақстан облыстарында «шай аяққап», «шай сандық» деп аталады.

Шай киіз — ерте кезде қолданылған, ұзындығы 1 м- 1,5 м келетін шымқай қара жүннен жұқа етіліп басыл- ған, жиегі тегіс кестеленіп, түсті жіппен өрнектелген дастархан.

 

Шалу — керілген желіге салынатын түрлі еркек жіптен алып, ұрғашы жіпке шалып орау.

Шаңырақ киіз үй сүйегінің негізгі бөлігі,төбесі. Табақ шаңырақ және шабақ шаңырақ деп екі түрлі ата- лады. Ортасы дөңгелек, тегіс ағаштан оюлап, неше түрге нақыштап, гүлдеп жасалған шаңырақты табақ шаңы- рақ, ортасы табақсыз күлдіреуішпен жасалған шаңырақ- ты шабақ шаңырақ деп атайды. Шаңырақтың шеңбері 3 м, 5 м шамасында болып келеді. Көбінесе ағаштың иініне қарай тораңғылдан бәйтесемен шабылып жаса- лады. Шаңырақ ағашын да уық, кереге ағашы сияқты тезге салып иеді. Шаңырақ ағашы беттеп шабылады. Оның астына қойылатын ағаш жастық ағаш немесе төсеу ағаш деп аталады. Шаңырақтың күлдіреуішсіз дөңге-

 

лек шеңберін тоғын дейді. Шаңыраң тоғыны екі жап- сардан тұрады. Әрбір жапсары қаңылтыр шегемен, тіпті, күмістелген сақинамен, ңеше түрлі ою-өрнектермен қырлап жасалады. Шаңырақ көзі төртбұрыштап, сыр- тын төмендете, ішкі жағы жоғары қарай қиғаштау қаша- лып жасалады. Туралап тескен шаңырақ уықтың қалам- дығын ұстай алмайды. Шаңырақтың тоғынына уық кіріп тұратын төрт қырды шаңырақ көзі дейді. Шаңы- рақтың үстінен түндікті көтеріп, үйдің төбесіне жауын- шашын кірмеуі үшін 45 шамасында дөңгелене иілген ағаштан айқыш-ұйқыш орнатылған арқалық ағаштары болады, оны күлдіреуіш деп атайды. Әрқайсысы үш- төрттен жұпталған алты немесе сегіз-тоғыз ағаштан ай- қастырылып жасалады. Күлдіреуіш шаңырақ тоғыны- нан 35 см биіктікте болу керек. Шаңырақтың көзі үйдін уық санына қарай жасалады. Шаңырақтың екі жапса- рын екі бөлек иіп, керекті көлемге, мөлшерге келтіріп алу үшін пайдаланатын құрал — жапсар төс деп аталады.

 

Шаршы — біртұтас өрнекті қамтыған шидің бөлігі, шаршыға әр түрлі өрнек түрі түсуі мүмкін, оның жүзте- ру, патшайы, ңошқармүйіз дейтін атаулары бар.

Шатыс — керілген жіп желілерінің, яғни еркек жіп пен үрғашы жіптердің күзу арңылы адарғының көмегімен айңасуы. Былайша айтңанда, шатыс адарғы- ны шебердің өзіне қарай тартқанда ұрғашы жіп жоғары шығып, оны кейін итергенде еркек жіп шығып, алма- кезек айңасып отырады. Мұндай ңұбылысты шеберлер шатысу деп атайды.

Шевалье-глас — адам бойымен бірдей, төменгі бөлігі жануардың аяғына келтіріліп жасалған айна.

Ши есік — шым шиді киізге тігу әдісімен киіз үй есігінің ішкі жағын әсемдеу үшін пайдаланады. Етек жағы әшекейленбей, жай ғана әдіптеліп көмкәріледі.

Ши тоңу — ши сабақтарын белгіленген, яғни күйдіріп белгіленген жеріне ңарай бірінен кейін бірін ңарапайым қүрал арңылы 12-15 жерден жіппен шалып байластыру.

 

Ширма (нем. зсһігт) — бөлме ішінде жинап тасымал- дауға болатын керме, шымылдың.

Шыбық — шаршы гүл суреті салынған шидің аяқтал- ған шетінен шидің өн бойына бір түсті әр түрлі жүннен оралған шидің бөлігі.

Шым ши тоқу — қазақтың қолөнер саласындағы үлттық өнерінің ерекше бір түрі. Өрнектеп шым ши то- қуда болсын, халықтың қолөнерінің қайсыбір саласын- да болсын, қазақ әйелдерінің шеберлік, көркемдік тал- ғамы өзінің табиғи шынайылығымен көз тартады.

Шым ши тоқуда, негізінен, оюдың композициялық ңұрылысының маңызы ерекше. Бұл саладағы қазақ шеберлерінің ңолданып жүрген қазіргі барлық ою түрлерін композициялық жағынан: жекеленген жөне тұтас ою, бір бетке ұзындың ою, екіжақты ұзындық ою (құрамдық бөліктері бойлай да, көлденең де тепе- теңдіктегі ұзындық ою) болып бөлінеді. Шым ши тоқу өнерінде кездесетін ңазақ оюларының ішіндегі жоғары- дағы аталған жекеленген және тұтас ою формасын «шар- шы ою» деп те атайды. Оған белгілі геометриялық фигу- радағы төртбұрыш, дөңгелек, үшбұрыш, тағы басқа көпбұрышты оюларды жатқызуға болады. Шым ши то- қуда геометриялық ою элементтері ромб, төртбұрыш, шаршыдағы жұлдыз, үшбұрыш, көпбұрышты немесе сүйір бұрыштанып келген крест тәрізді болып келеді.

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля