Жай сойлемнін бірынғай мүшелері

3 мая, 2018 11:11

 

Жай сөйлемнің кұрамын ұлғайтып, көлемін кенейтуге бірыңғай мүшелер де ыкпалын тигізеді.

Сөйлемнің бір ғана мүшесінің кызметін аткаратын, бір ғана сұракка жауап беретін, көбіне бір тұлғада, бір сөз табынан жасалып, бір ғана сөзге қатысты болатын сөздер тобын сөйлемнің бірыңғай мүшелері деп атаймыз. Сөйлемнің барлык мүшелері де сөйлемнің бірыңғай мүшелері бола алады. Олар санамалы интонациямен бөлініп-бөлініп айтылады. Бірыңғай мүшелер өзара салаласа, бір-бірімен тең дәрежеде байланысып бір сөзге катысты болып тұрады. Олар бір сөзден кұралған жалаң не сөз гіркесінен кұралған жайылма болады.

Бірынғай бастауыш: Бері жүрер алдында Мөңке, Кэлен, Дос кеп қоштасып калды. (Ә.Н.)

Жапарағы жетілген жас қайың, өзекті қуалап өскен ұзын тоғай, таскыны басылмай, сарқырап ақкан ойнамалы жүйрік өзен, бойы өсіп бұраңдап, толқынданған жасыл шалғын, өзектің екі жағындагы қатарланған биік жартас, өзен бойындағы ойнап ұшкан жыршы кұстар — бэрі де жиналғанда, сайды жаңа түскен жас келіншектің отауындай жайнатып, жасартып тұр. (М.Ә.) Бірыцғай баяндауыш: Мұның бүгінгі қонақтары Абайдың ылги етбауыр жакын туыстары мен шәкірттері еді. (М.Ә.) Бұл жолы ол эрі ұзак ұйықтады, әрі тыныш ұйыктады. (В.К.)

Бірынгай толыктауыш: Жаулықты биік салатын, сәнді киінетін Көпей жұртка өзінің ажарымен де, естілігімен де, тазалыгымен де ұнайтын еді (Ғ.М.)

Бірыңгай аиықтауыш: Шеті кестеленген, ортасы оюланган, шашакты сүлгіні ұсынды (С.С.) Жүзінде корыккан, үріккеннің белгісі жоқ. (М.Ә.)

Бірыңгай пысықтауыш: Суык болып үскіріп, боран аласұрып әлсіз адамга кыр көрсеткендей қаһарланады. (М.Ә.)

Бірыңгай мүшелер жалгаулыксыз да, жалғаулыктар арқылы да байланысады. Негізінен, мұндай реттерде ыңғайлас жалгаулыктар, карсылықты жалғаулықтар және жалғаулыкты жалгаулықтар қатысады: Әрбір үйдің жер ошағынан будактап, быксып шығып жатқан түтіндер кейде аспанға шыгып, кейде өлкеге жайылып тарайды. (М.Ә.) Кейде тура агып, кейде иіріліп бұран- шимай жасайды. (М.Ә.) Ауыз үй қазір кеңейіп те, биіктеп те кеткен. (Ғ.М.) Көкбай да, Шұбар акын да үн катпайды. (М.Ә.)

Бірыңғай мүшелердің алдында немесе соңында жалпылауыш сөздер болады. Ондай кызметте есімдіктер, сиякты, тэрізді сөздер, сондай-ак сан есімдер де аткарады:

Әрлі-берлі жүгірісіп сенделген катындар, шулап секіріп, күмп ойнаган балалар кұдық басынан жаңа хабарды естіп, ауылға карай жылдамдатып келе жаткан үлкендер — барлығы да Жұмағұлдың келуін үлкен қуаныш қылған сияқты. (М.Ә.) Сары, кэрібай, Жамақ — үшеуі… кеңеске кірді. (Б.М.)

Қыскасы бірыңғай мүшелі сөйлемдер — күрделі ойды, бірнеше сөйлемді сыйыстырып білдірудің амалы.

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля