Бала агрессиясы және одан шығу жолдары

12 апреля, 2020 19:40

300 тнг В корзину

Аннотация

Жалпы «Бала агрессиясы және одан шығу жолдары» туралы курстық жұмыс 32 беттен тұрады. Курстық жұмыстың жобасы кіріспеден, І,ІІ тараудан, қорытындыдан тұрады Курстық жұмыста 7 кесте көрсетілген.

Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі келтірілген.

Кіріспе бөлімінде бала бойындағы агрессия мәселесі қазіргі біздің қоғам үшін ең маңызды мәселесі жайлы қысқаша тоқталған

І тарауда агрессия туралы жалпы түсінік, бала агрессивтілігін зерттеудің теориялық аспектілері, баланың дамуына кері әсер ететін қасиеттердің жағдайы ашып көрсетілген.

ІІ тарауда бала агрессиясын зерттеу, балалар арасындағы кикілжің жағдайларды болдырмау жолдары жайлы жазылған.

ІІІ тарауда  бала агрессиясының алдын – алу және оны жою, агрессияның өзгеге бағытталу жағдайын ашып және айқын көрсетілген.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі  30.

 

Мазмұны

 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………..3

 

1 АГРЕССИЯ ЖӘНЕ БАЛА АГРЕССИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҮСНІКТЕРІ………………………………………………………………………………………………4

  • Агрессия туралы жалпы түсінік……………………………………………………………..4
  • Бала агрессивтілігін зерттеудің теориялық аспектілері…………………………..8
  • Баланың дамуына кері әсер ететін қасиеттердің жағдайы……………………..13

 

2 БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ АГРЕССИВТІК ЖАҒДАЙЛАРДЫ БОЛДЫРМАУ ЖОЛДАРЫ……………………………………………………………………….16

2.1 Бала агрессиясын зерттеу……………………………………………………………………..16

2.2 Балалар арасындағы кикілжің жағдайларды болдырмау жолдары……………………………………………………………………………………………………18

 

3 БАЛА АГРЕССИЯСЫНЫҢ ӨЗГЕЛЕРГЕ ӘСЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖОЙЫЛУЫ……………………………………………………………………………………………..22

3.1 Бала агрессиясының алдын – алу және оны жою…………………………………..22

3.2 Агрессияның өзгеге бағытталуы…………………………………………………………..26

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………………….29

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………………………30

 

 

Кіріспе

 

Курстық жұмыстың көкейкестілігі: Адам бойындағы агрессия мәселесі қазіргі біздің қоғам үшін ең маңызды мәселелердің бірі.Қоғамдағы болып жатқан террор жәбірлеудің өсуі сияқты әлеуметтік қауіпті құбылыстардың қатты белең алуына байланысты агрессия сұрағы зерттеудің негізгі объектісі болып отыр.

Психолог А.А.Реан «агрессия» және «агрессивтілік» деген екі ұғымның бір-біріне ұқсамайтын бөлек мағына деп қарастырады. Агрессия (латын тілінен «agressio» аударғанда – шабуыл, басқындық дегенді білдіреді)- бұл бөгде адамға болмаса адамдар мен жануарлар тобына ниеттеліп тура бағышталған қиянат.

Агерессивтілік – бұл жеке тұлғалық қасиет мінез-құлық, агрессияға дайындық көрінісі.Осылай түсіндіре келе, мұны былай тұжырымдауға болады.Егер агрессия – бұл әрекет болса, ал агрессивтілік оосындай әрекетке дайындық.

А.Басс және А.Дарки агрессияны бес түрге бөледі.Оны мынандай сызба түрінде ұсынады:

Адамдар үнемі қауіпті агрессивті  әрекеттер жасайды. Неліктен олар мұндай  әрекеттерге  барады, деген  мәселе  ұзақ  уақыттан бері  маңызды  дискуссиялардың пәні  болып келеді. Психология ғылымында психикалық құбылыстардың ішіндегі көп зерттелінген құбылыс эмоциялық құбылыс болып табылады. Дегенмен эмоцияның жан-жақты қырларының ерекшеліктерін әрбір жеке адам түрліше өткізетін болғандықтан психологтар арасында бұл мәселе үнемі  шешімі шексіз болып қала береді.

Курстық жұмыстың мақсаты:

-Агрессия туралы жалпы түсінік

-Бала агрессивтілігін зерттеудің теориялық аспектілері

-Баланың дамуына кері әсер ететін қасиеттердің жағдайы

-Бала агрессиясын зерттеу

-Балалар арасындағы кикілжің жағдайларды болдырмау жолдары

— Бала агрессиясының алдын – алу және оны жою

-Агрессияның өзгеге бағытталуы

Курстық жұмыстың міндеті:

Эмоциялық тұрақсыздықтың бір көрінісі — агрессивтілік адамның жеке тұлғалық қасиеті ретінде де, эмоциялық жан күйзелісі ретінде де зерттелінеді. Сондықтан бұл мәселені зерттеу бірнеше бағыттан тұрады.Көптеген  әр түрлі  бір-біріне қарама –қайшы  теориялық негіздерге  қарамастан Р. Бэрон мен Д.  Ричардсонның пікірінше  олардың  көбісі   келесі төрт  категорияның біріне сәйкес келеді.  Агрессия  бірінші  кезекте  мыналарға қатысты :

-Туа  пайда  болған  түрткілер  немесе  нышандарға

-Сыртқы  стимулдардан  белсенетін қажеттіліктерге

-Танымдық  және  эмоционалдық процесстерге

1 АГРЕССИЯ ЖӘНЕ БАЛА АГРЕССИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҮСНІКТЕРІ

 

  1. 1 Агрессия туралы жалпы түсінік

«Агрессия» термині қазіргі кезде кең мағынада қолдануда, сондықтан да оның мағыналарын бөліп шығаруды қажет етеді. Көптеген ааторлар өздерінің зерттеулерінде агрессия мен агрессивтілікке әр түрлі анықтама береді. «Өзінің жерін қоғау үшін» адамның туә біткен реакциясы (Лоренц, Арни) басшылық етуге талпылынушылық (Моррисон) жеке тұлғаның адамды қошаған ақиқаттылыққа жауластық реакциясы (Хорни, Фромм). Агрессия мен Фрустрацияны байланыстыратын теориялар кең көлемде таралды (Маллер, Дуб, Доллард).

Агрессияны жеке тұлғаның қасиеті ретінде түсінуге болады. Агрессивтіліктің сапалық және сандық сипаттамасы бар. Барлық қасиеттер сияқты ол әр түрлі деңгейлермен ерекшеленеді. Әрбір жеке тұлғаның белгілі бір деңгейде агрессивтілігі бар. Оның жоқтығы пассивтілікке, конформділікке және т.б. алып келеді. Агрессивтілік өзігінен субъектіні саналы түрде қауіпті етпейді, өйткені ол бір жағынан агрессивтілік пен агрессия актісі ретінде қабылдауы мүмкін. А.Басс және А.Дарки өздерінің сауалнамаларын құру барысында келесі реакция түрлерін көрсетіп кетті.

  1. Физикалық агрессия – басқа адамға бағытталған физикалық күш.
  2. Жанама агрессия – басқа адамға тікелей бағытталмаған немесе ешкімге бағытталмаған күрт туған агрессия.
  3. Тітіркенушілік – кішкентай тітіркену өзінде кері сезімдерді көрсетуге даярлық (ашуланшақтық, дөрекілік).
  4. Негатив – мінез-құлық оппозициялық күй пассивты қарсылықтан қалыптасқан заңдылықтар мен дәстүрлерге қарсы күреске дейін жеткізетін күй.
  5. Өкпелеу – қоршаған адамдарға даган нақтылы және ойдан шығарылған іс-әрекеттерге қызғанушылық пен жаккөрушілік.
  6. Күдіктенушілік – адамдарға қатысты сенбеушілік және сақтықтан басқа адамдар зиян келтіруді жоспарлайды дегенге сенушілік.
  7. Вербальды агрессия – негативты сезімдерді форма (айқай) арқылы және сонымен бірге сөздік жауаптар мазмұны арқылы (қарғау) көрсету.
  8. Кінәні сезіну – субъектінің өзінің жаман адам екендігіне сенімділігі, сонымен бірге ар-ұятының жоқтығы сезінуі.

Сауалнама 75 тұжырымдардан тұрады оған зерттелуші «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.

300 тнг В корзину

Автор публикации

не в сети 3 года

Kazaksha Info

3
Комментарии: 1Публикации: 110Регистрация: 06-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля