КДЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕ ТЕРІ ӨҢЦЕУ ӨНЕРІНІҢ ДАМУЫ

11 декабря, 2017 17:19

Адам баласы өте ерте заманнан бері жан-жануарлардың етін тамақ, терісін, жүнін киім етіп, сүйегі мен мүйізінен еңбек құрал- дарын, тұрмысқа қажетті бұйымдар жасағанын тарихи деректерден жақсы білеміз. Кейінірек олар жабайы андарды қолға үйретіп, күнделікті өмір тіршілігіне пайдалана бастады. Малдарды күш- көлік ретінде ғана пайдаланбай сүтін сусын, етін қорек етті. Төрт түлік малды тіршілігінде тірек еткен ата-бабаларымыз, өсіресе мал, аң терісінің маңызын, қасиегін, өмірге, түрмысқа қажеттілігін ерте түсініп, жоғары бағалап, оны ұқсата да білді.

Тері адамзатты сонау мүз дәуірінен бастап суықтан сақтап қорғады. Алғашқы адамдар әр түрлі аң, мал терілерін өңделмеген күйінде үстеріне киегін жамылғы-киім, төсеніш, пана болатын күрке ретінде іске жаратып пайдаланды. Осы айтылғандар сол көне дәуірлерден біздің бүгінгі заманымызға сапалы күйінде жеткен жоқ. Өйткені сол кездің өзінде-ақ шіріп тозып біткен. Біз оларды тас бетінде қалған бедерлі суреттерге қарап, тас дәуірінен бастап андар- ды пайдаланғанын білеміз (6-сурет).
Өткен тарихымыздан тағы бір дәлел — археологтарымыз тапқан еңбеқ қүралдары: теріні өндеуге арналған кремнийден жасалған тас пышақ пен қырғы, мал сүйектерінен жасалған ине мен біз. Олай болса, алғашқы адамдар тек аң аулаумен, болмаса оларды қолға үйретумен ғана шүғылданған жоқ. Олардың терісін өндеп илеуді, олардан киім тігуді меңгерген (7-сурет).
Қазақ халқы да басқа көшпенді халықтар секілді аң, мал терілерін илеп, өндеп, шелдерін алып, майлап, жүндерін қырқ- ып, уқалап, болмаса жидітіп қабыққа салып бояп, кептіріп, өз қажетіне жаратты. Ел арасында өнделген терінің кең тараған түрлері: былғары, қайыс, сыртқы киімдерге арналған иленген терілер.
Теріні өңдеудің бірден-бір жолы — илеу. Илеудің бірнеше жолдары бар. Теріні оның көк еті жағына айран, іркіт, қүрт, ұн, кебек, іркіттің сары суын жағып илейді.

Кейде ағаш ыдысқа сұйық айран, іркіт, ұн кебекке түз қосып ашытып, соған теріні батырып та илейді. Көне замандарда теріні өлтірген аңның не сойылған малдың миын немесе майын жағып. уқалап өңдеген. Бұл қарабайыр, дөрекі илеу болып табылады.

7-сурет
Біздің заманымызға дейін 3 мың жыл бұрын Мысыр мен Үндістанда аң-мал терілерін түрлі жапырақтармен, ағаш бұтақтарымен өңде- ген, оны өсімдіктермен илеу, не өңдеу деп атаған.
Тері мен былғарыдан жасалған бұйымдарды ата-бабаларымыз рауғашқа, талдың қабығына, қынаға, томардың сұйық нәріне салып қызыл, көк, сары, жасыл түстерге бояп, көркемдеп безендіре білген. Бұндай қабыққа салып не томарға салып илеудің түрлері қазақ халқында ерте заманнан бері белгілі.

Мысырлықтар теріні қызыл, жасыл, сары түстерге бояу өдістерін меңгерген. “Перғауын Тутанхамон” мазарынан алтын және күміс жұлдызшалар тігілген абыз киім-кешектері, сол жерден табылған былғарымен тысталған орындық т. б. дүниелер осындай түстерге боялған.
Алтайдағы “Пазырық” қорған-төбесінен табылып, күні бүгінге дейін сақталып қалған киім қалдықтары жоғарыда айтылған тері илеу түрлерінің айқын айғағы бола алады. Ол жерден киім-кешек қалдықтары, қүты, қоржын, кілемше, кесе табылған және солардың көпшілігіне өрнек салынып әр түрлі түске ерекше боялған. Алтай қорған-төбесінен табылған бұйымдардың жасалу табиғаты қазақ ха- лқының колөнеріне үқсас. Олардьщ тек сыртқы пішіндері ғана емес, жасалу әдістері, боялу түрлері де бір-біріне үқсас. Оның себебі ерте- ден кең байтақ Қазақстан жерінде, Сібір мен Орта Азияда көшпелі көршілес тайпалар бір-бірімен мәдени байланыста болды.
Алматы қаласының жанындағы “Есік” қорған-төбесінен “Ал- тын киімді” жас жауынгердің сүйегі табылғаны белгілі. Оның ки- ген киімдері Тутанхамонның мазарынан табылған киімдердей, жа- ғалары алтынмен көмкерілген жібек көйлек, қысқа камзол, қызыл күдеріден тігілген шалбар.

Терінің жүнін жидітіп, сылып, илеп, қайыс, былғары т. б. өндіру арқылы ер-тұрман, қамыт-сайман, етік сияқты бүйымдар жасаған, немесе теріні жүнімен пайдаланып киім-кешек тіккен. Теріні өңдеп ұқсату істелетін затқа, бұйымға байланысты болды. Дайын өңдел- ген теріні әшекейлеп, көркемдеудің түрлері қандай көп болса, одан жасалған бүйымдардың түрлері де сондай көп. Жүген, қамшы, айыл, тартпаларды өріп көркемдесе, торсық, көнек, тоқым, кілемшелерге батыра бедер безендірді, аяқ киімдердің сыртын әшекейлеп тіккен, ал тері шалбар, ішік, тон, жарғақтарды мәнерлей кестелеген немесе қүрақтардан қиыстыра сәндеген.

Кісе, белдік, қорамсақ, тартпа, үзеңгі, баулар, тоқымдардың беттері күміс не алтынмен безендірілген. Сандық, қобдишалар былғарымен қапталып, күміс, сүйек, мүйіздермен оюланып ерек- ше әшекейленді.

Қорыта келгенде, Қазақстан жерінде теріні илеп, өндеп ұқсату, олардан бүйымдар жасап көркемдеп безендіру, оюлап өрнектеу ер- теден қалыптасып дамығанын жоғарыда айтылған тарихи деректер- ден және археологиялық қазба жүмыстардан, зерттеулерден жақсы білеміз. Сонымен қатар этнографиялық экспедиция арқылы та- былған, мүражайларда сақталған теріден жасалған көптеген бұйым- дардың өңдеу әшекей бедерінің сапасын жоғалтқанын, заттардың формаларының былғары, қайыстардың табиғи физикалық қасиеттерінің бүзылғанын байқаймыз. Өйткені теріні ғасырлар бойы сақтау мүмкін емес, ауа мен ылғалдың т. б. табиғи қүбылыстар- дың әсерінен теріден жасалған заттар осы уақытқа дейін өзінің бастапқы қалпын сақтай алмады, көбі шіріп бүзылды. Дегенмен кейбір сақталған дүниелерден, тері өңдеу, олардан көркем заттар жасау өнерінің биік деңгейге көтерілгенін байқау қиын емес.

0

Автор публикации

не в сети 3 года

Kazaksha Info

3
Комментарии: 1Публикации: 110Регистрация: 06-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля