Дискретті жүмыс істейтін элек гронды бүрку жүйесін тексеру

3 декабря, 2017 19:26

Жанармай берілуінің қысымын және отын сорғысының өнімділігін тексеру жэне өлшеу үшін әртүрлі өткізгіштер мен адаптерлері бар мано- метр қолданылады.

 

Манометр шегі 4,0 кг/см2-тен 4,5 кг/см2-ге дейін болуы керек. Америкалық және кейбір еуропалык автомобильдерде, мысалы, «Форд», «Вольво», «Мерседес-Бенц» автомобильдерінің жанармай арна- ларында автошиналарда қолданылатынға үқсайтын арнайы реттығын (зо- лотник) шықпасы бар. Бүл реттығынды көбінесе «Шредер клапаны» деп атайды жэне ол манометрді кұбырға тез жалғауға арналған.

Автомобильдерді тестілеу кезінде, егер оның жанармай жүйесінде Шредер клапаны болса, келесі талаптарды орындау керек: өлшеуді аяқтағаннан кейін, қысымды төмендетіп жэне манометрді ажыратып, реттығынның жылжымалы соташығының жай-күйін тексеріп жэне оның төменгі күйде тұрғандығына, ашық болмағанына көз жеткізу ке- рек. Клапан жұмыска толық кабілеттілігінде козғалтқышты іске қосуға болады. Шредер клапаны қолданылмайтын автомобильдерде баска типті ауыстырғыш колданылады. Отын сорғысын іске қосу үшін тек отын сорғысы релесінің түйіспелерін тұйықтау жеткілікті. Егер кернеу реленің күш түйіспелеріне басқа реледен немесе оталдыру кұлпысынан келетін болса, онда тағы да оталдыруды қосу керек.

Қысымды өлшеуді қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда немесе иінді білікті стартермен айналдырғанда да жүзеге асыруға болады. Бұл жағдайда аккумулятор батареясы қуатталған болуға тиіс.

Тоқтап тұрған қозғалтқышта қысымды өлшегенде, манометр жүйедегі реттелмейтін қысымды көрсетеді, ол көп жағдайда шамамен 2,5-3,0 кг/см2

 

болады. Қозғалтқышты іске қосқаннан кейін енгізу коллекторындағы сиреу шамасына, 2,0-2,5 кг/см2-ге дейін төмендеуі керек. Егер өлшенген қысым техникалық құжаттамада көрсетілгеннен төмен болса, қысым реттеуіші мен сорғы өнімділігін тексеру керек. Егер қысым көрсетілгеннен жогары болса, қысым реттеуіші мен қайта құю арнасын тексеріп жэне олардың бітеліп қалмағандығына көз жеткізу керек.
18                  17                                                                           13

«Ь-4еІгопік» отынды электронды бүрку жүйесі.

1 — жанармай багы; 2 — электр жетекті отын соргысы; 3 — жанармай сүзгісі;

4 — таратцыиі цұбыр; 5 — жүйедегі отын ңысымын реттеуіш; 6 — іске қосу
бүріккіші) 7 — қоспа мөлшерін реттеуіш бүрама; 8 — дроссельді қақпақша күйінің
сезгісі; 9 — дроссельді қақпақша; 10- ауа температурасының сезгісі;

11 — отын соргысын қосқыш реле; 12 — ауа шыгынын өлшеуіш;

13 — оталдыруды қосқыш қүлпы; 14 — аккумулятор батареясы; 15 — қосымша
ауа беру клапаны; 16- үзгіш-таратқыш; 17 — термореле; 18 — салқындату
сүйықтыгы температурасының сезгісі; 19 — лямбда-зонд; 20 — электронды басқару
жиынтыгы; 21 — қоспа сапасын реттеуіш бүрама; 22 — клапанды бүріккіш

Отын сорғысы беретін жанармай көлемін анықтау үшін, қайта құю жа-
нармай құбырын пайдаланады. Ол үшін қысым реттеуішінен оны шешіп
жэне екі литрлік ыдысқа түсіру керек. Кей автомобиль конструкциясын-

 

да кысым реттеуішінен келетін кайта құю жанармай құбыры металдан жасалған жэне олар майыспайды. Сондықтан кұбырга ынғайлы жерге ыдыс кояды немесе жанармай құбырына тығыздап, резеңке құбыршек жалғайды. Содан кейін отын сорғысын іске қосады жэне ыдысқа 30 се- кунд ішінде кұйылатын жанармай көлемін өлшейді. Жүйенің үлгісіне бай- ланысты ол 0,75-1,0 литр болуы керек.

Қозғалтқышты іске қоспастан отын сорғысын тексеруде қиындықтар туса, сорғыны қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған күйінде тексереді, өйткені бос жүрісте қыздырылған қозғалтқыш отынды аз көлемде тұтынады.

Отын күтпеген жағдайда жанып’ кетпеуі үшін, бензин құйылатын ыдысты капот астынан тыс жерге шығарған жөн. Егер сорғының өнімділігі шамадан төмен болса, онда отын сүзгісі мен арналарының жағдайын тексереді. Егер сүзгі мен жанармай құбырлары ақаулықсыз болса, онда толық өнімділіктің болмауының себебі бензин багы ішіндегі жанармай кұбырларының сызаты немесе үзілуі орын алған — бензинге енгізілген типті сорғы үшін. Қарсы жағдайда бензин сорғысын ауыстырады.

Жүйелік қысымға байланысты қысым реттеуіші тексеріледі. Егер қысым қалыпты немесе төмен болса, бос жүрісте жұмыс істеп тұрған қозғалтқышта реттеуіштен келетін сиреу құбыршегін шығару ке- рек. Бұл жағдайда қысым 0,5-0,6 кг/см2 жоғарылауы керек. Егер қысым жоғарыламаса, қайта кұю жанармай құбырын қысады. Бұл кезде жанар- май қысымы 4-5 кг/см2-ге дейін жоғарыласа, онда қысым реттеуішінде олқылық бар екенін білдіреді. Егер қайта кұю жанармай құбырын қысқаннан кейін қысым жоғарыламаса, онда отын сорғысының өнімділігін тексеру керек.

Қалдық қысымды бақылау мен тексеру үшін қозғалтқышты жұмыс температурасына дейін қыздырады, өшіріп жэне жиырма минуттық үзіліс жасайды. Үзілістен кейін жүйедегі қысым 1 кг/см2-нен төмен болмауы керек. Егер қысым тез төмендейтін болса, ол жүйенің тығыздығының бұзылғандығын білдіреді. Ол қысым реттеуіші, іске қосу мен негізгі бүріккіш, бензин сорғысының қайта клапанының ақаулығынан болуы мүмкін.

Іске қосқыш бүріккіштерді тексеру үшін, оған арт жағынан жалғанған тіркеуішінің кернеуін істіктер көмегімен өлшейді. Бұл кезде суық қозғалткыштың иінді білігін стартермен айналдырады. Кернеу 8 вольт- тен төмен болмауы керек. Егер ол аз немесе нөлге тең болса, бүріккішке келетін өткішгіштердің жэне термо ажыратқыш түйіндерінің кедергісін тексеру қажет. Егер көрсеткіш нөлге жакын болса, іске қосу бүріккіштеріне бензин сорғысы релесінен немесе стартермен айналдырудағы жүйелік ре- леден келетін қоректендірудің кернеуін тексеру қажет.

 

Егер стартермен айналдырғаннан кейін бүріккішке берілетін қорек- тендіру кернеуі қалыпты болса, бүріккіштің отынды тозаңдатуын сырт- тай қарап анықтайды. Бүріккішті енгізу коллекторынан алып, одан жа- нармай құбырларын шешіп және түссіз ыдысқа енгізеді. Егер стартерді айналдырғанда жанармай жоқ болса, бүріккіш жанармай құбырында жүйелік қысым бар екенін анықтайды. Қалыпты қысым болған жағдайда бүріккіштерді ауыстырады, ал қарама-қарсы жағдайда іске косу бүріккішінің жанармай құбырын тексереді. Іске қосу бүріккішінің бөлшектерінің жай-күйін анықтағанда оның тығыздығын, тозаңдату ко- нусы мен өнімділігін тексереді.

Терморелені суық қозғалтқышта анықтайды. Тексеру үшін бүріккіштен қысқышын шешіп жэне «\¥» шығыны мен бүріккіш тұрқысы арасындағы кедергіні өлшейді. Кедергі 1 омнан артық болмауы керек. Егер ол айтарлықтай жоғары болса, терморелені ауыстырады. Ал егер кедергі төмен болса, аккумулятор батареясының оң шығынынан термореле «О» түйіспесіне кернеу беру қажет. Кернеу бергеннен кейін бірнеше секунд өткен соң, омметрмен өлшенетін кедергі 150- 250 омға дейін жоғарылауы керек. Егер ол байқалмаса, терморелені ауыстырады.

Ереже бойынша таратылған бүрку электронды жүйесінде іске қосу бүріккіші «массаға» басқару жиынтығының транзисторлы кілтімен коммутация жолымен жалғануы мүмкін. Бұл жағдайда термореле қолданылмайды. Егер суық қозғалтқышты іске қосқан кезде іске қосу бүріккіштері клеммасында кернеу жоқ болса, ол электр сымдарының қысқа тұйықталуы мен үзілуінен немесе салқындату сұйықтығы тем- пературасы сезгісі немесе басқару жиынтығы тізбегінің ақаулығынан болады.

Таратылған бүрку электрмагнитті бүріккіштердің жұмыс қабілеттілігін бүріккіште дірілімен анықтауға болады. Жұмыс істеп түрған бүріккіш клапанының тұрақты ашылып жэне жабылуы бірқалыпты діріл тудырады. Оны қолмен сезу арқылы немесе стетоскоп көмегімен анықтауға болады. Егер діріл бірқалыпты болса, онда бүріккіш бүзылмаған, ал егер діріл жоқ немесе кідіріспен болса, бұл оның жұмысында ақаулық барын білдіреді.

Бүріккіштің жүмыс қабілеттілігін бос жүрісте оның токпен қоректендіру сымын ажырату арқылы анықтауға болады. Ақаусыз жұмыс істеп тұрған бүріккіште иінді біліктің айналу жиілігі өзгермеуі керек. Егер автомобильде бос жүріс тұрақтандырғышы орнатылған болса, тек- серу кезінде оны ажыратып тастау керек. Ақаулық болған кезде бірінші жағдайда бүріккіш орамының жағдайын тексеру қажет. Ол үшін оның кедергісін тексеріп жэне үзігі жоқтығына көз жеткізу керек. Бастапқы

 

кедергі фирма-дайындаушы берген көрсеткішке сэйкес болуға тиіс. Көрсеткіш пен кедергі сәйкес болмаса, тексеріліп жаткан бүріккіштің кедергісін басқаларымен салыстырады.

Бүріккіштердің жэне бүркудің электронды жүйесінің жұмыс қабілеттілігін нақты анықтау үшін, мотор-тестер немесе осциллограф колданылады. Аспаптар көмегімен козғалткыш жұмыс режиміне байла- нысты бүріккіштердің ашылу ұзақтығы тексеріледі.

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля