З а т е с і м

30 апреля, 2018 12:52

 

  1. Зат есімнің жалпы сипаттамасы.
  2. Зат есімнін мағыналық топтары.

Айналамыздағы қоршаған дүниедегі зат пен жан-жануар атаулыга, барша қүбылыс пен уакиғага — болмыс атаулыға есім, атауыш болып келетін сөздердің бэрі — зат есімдер. Лексикалык тұрғыдан алғанда зат есімдер өз алдына магыналық дербестігі бар, заттык үгымды білдіретін сөздер.

Лексика-семантикалык өрісі аса кең сөз таптарының бірі — зат есімдер. Мысалы: күнделікті түрмысымызда жиі айтылып, жиі колданылатын түрлі бүйымдар мен нәрселердіц аттары (ыдыс-аяқ, қасық, табак , жүген, асык) , тағамдардын аттары (сорпа, қазы-карта, жент, өрік-мейіз„нан, сүт, шұжық), жан-жануарлар аттары (жылқы, түйе, киік, түлкі, мысық, ит), өсімдік атаулары (қайың, тобылгы,бидайық), табигат денелері мен қүбылыстардың аттары (ай, жүлдыз, жауын-шашын, боран, аяз), адамның кэсібін, тегін, мамандығын, кабілетін, коныс-тұрағын білдіретін сөздер( мұғалім, тілші, диқан, каламгер, мүсінші, саудагер, алыпсатар, саятшы, керей, найман, қазак), тұрмыс-салтқа, эдет ғүрыпқа байланысты айтылатын сөздер(айтыс, көкпар, шілдехана, жар-жар, кыз куу).

Зат есім деп аталатын сөздердің өздеріне тэн морфологиялық ерекшеліктері де бар. Олар өздерінің лексика-семантикалык сипаттарына қарай, сөйлемдегі езге сөздермен еркін карым-қатынасқа түсетіндіктен, сол катынастарға аса қажетті көптік, тэуелдік, септік жэне жіктік жалғауларын кабылдап, түрленіп отырады, екіншіден зат есімдердің сөз тудыратын жэне форма тудыратын арнаулы жұрнақтары бар.

Зат есімдер тілдегі өзге сөздердің барлыгына эрі үйытқы, эрі өзек болып кызмет атқаратындыктан, эдетте сөйлемнің барлык мүшелері ретінде қолданыла береді. Зат есімдердің ең негізгі қызметі — бастауыш, толықтауыш, анықтауыш болу.

Өзара бір-бірімен байланысты осы үш түрлі белгіні семантикалык, морфологиялык, синтаксистік белгілерді ұштастыра қарағанда ғана, зат есім деп аталатын негізгі сөз табының сыр-сипаты толық ашылады.

Зат есімнің лексика — грамматикалыц сипаты.

Зат есімдердің кай-кайсысы болсын заттық ұғымды білдіретіндіктен, олар негізінен біркелкі болганымен іштей нактылык жэне абстрактілік, жалпылык жэне жалқылык, даралық жэне жинактылық, жекелік жэне топтық сияқты семантикалык категорияларды камтиды.

Тілімізде немесе өмірде көзбен көріп, колмен үстап тануга болатын заттарды деректі немесе нақтылы я конкретті зат есімдер деп аталады.

Мысалы : сөздік, кітап, домбыра, кілем, бөрік.

Сол сияқты тілімізде ой арқылы сезілетін ягни көзбен көріп, колмен үстауга келмейтін зат есімдер де қалыптасқан. Оларды дерексіз я абстракты зат есімдер деп аталады. Мысалы : сезім, қиял, эсер, інкэрлік, ой, сана.

Заттардың ішінде даралау жэне жинақтау үгымын білдіру кабілеті де жоқ емес. Мысалы : қүрт, кұмырска, апа, карындасдөсек, шөп тэрізді дара сөздер белгілі заттардың аты болса, күрт-кұмырска, апа-карындас, төсек-орын, шөп-шалам сиякты кос сөздер белгілі бір ұғымдарды жинактап, олардың топ-тобының атын білдіреді. Ал мая-мая , кора-кора , тау-тау сиякты кос сөздер бөлу я даралау ұғымын білдіреді.

Зат есімдерді семантикалык ерекшеліктеріне карай іштей мал атаулары, өсімдік атаулары, кұрт-кұмырсқа атаулары, үй-мүліктерінің атаулары, саяси- элеуметгік салада қолданатын атаулар деп бөлуге болады.

Зат есімнің ішінде өздеріне тән семантикалық жэне грамматикалық ерекшеліктері бар кейбір топтарда кездеседі. Мысалы: адамзат( кімдік) жэне ғаламзат(нелік) есімдерін, жалқы есімдерді, көптік мэнді есімдерді, эмоциялы-экспрессивтік зат есімдерді, көмекші есімдерді жаткызуға болады.

Тіліміздегі зат есімдерді семантикалық жэне грамматикалық сипаты жағынан талдаған кезде, олардың бір саласы адам атаулары, екінші саласы адамнан өзге жан- жануарлар мен заттардың атаулары болып келеді. Осы аталган екі топтың біріншісіне қатысты сөздердің бэрі тек кім?-деген сұрауга жауап береді. Кім?-деген сұрауға жауап беретін зат есімдерге жалпы адам атаулары жатады. Зат есімнің бұл тобына адам атаулымен байланысты ұғымдардың аттары жэне кісі аттары енгендіктен , оларды семантикалык ерекшеліктеріне карай адамзат есімдері деп атауга болады(Персондык есімдер).

Не?- деген сұрау адамнан өзге барлык жан-жануарлардың жэне күллі заттар мен нәрселердің атауларына қойылады. Мысалы : топырак, су, күлкі, агаш, жусан, нан, ірімшік, аю, жолбарыс, үй . Зат есімдердің бұл тобы адамнан өзге жан-жануарлардың, заттар мен нэрселердің, заттык ұгымдардың атауларын түгел қамтитындыктан, оларды семантикалық ерекшеліктеріне карап галамзат есімдері(наперсондык есімдер) деп аталады.

Тілдегі эр алуан деректі жэне дерексіз ұғымдарды білдіретін зат есімдер эдетте жалпы есімдер деп аталады. Мысалы: ағаш, ат, ас, дала, су.

Ал заттар мен заттык ұғымдарды жалпылама түрде атайтын осындай жалпы есімдермен қатар белгілі бір ғана затты арнай, даралай атайтын жалкы есімдер де бар. Жеке я дара заттарга берілген осындай зат есімдерді жалкы есімдер дейміз. Мысалы: Аскар, Тайбурыл, «Еңбек», Көкшетау, Абылай хан алаңы, Абай проспектісі.

Затты жеке — даралап атамай, оның жиынын тобымен атайтын зат есімдерді көптік мэнді есімдер деп атайды. Мысалы: ұн, алтын, жел.

Зат есімдердің ішінде затты я заттык ұғымды эдеттегідей атаумен катар, сол аталган заттың сын-сипаты жагынан кандай екендігін коса-кабат білдіре атайтын, олардың кейбір өзіндік сипатын нактылай түсіп, әсерлеу не бейнелеу жолымен колданылатын топтары да бар . Мысалы: көл, тау, төбе, арба деген жалпы есімдердің көлшік, таушык, төбешік, арбашык деген түрлері , сандық, кітап деген зат есімдердің сандыкша, кітапша деген түрлері бар.

Сол сиякты адамға байланысты әке, шеше, апа тэрізді туыс атауларын экей, шешей, апай деп, шешетай, ағатай, экежан деп те колданылу бар. Сондай-ақ бала,бота сөздерін балақан, ботақан деп, бөпе, қалқа, сэуле секілді жалпы есімдер мен Әлия, Нұрлан тэрізді жалқы есімдерді бөпеш, калқаш, Сэулеш, Нұрыш, Әлкен деп айту да кездеседі. Сөйтіп, кейбір зат есімдердің эдеттегідей бейтарап түрде жалпы колданылуымен бірге, үлкен тұтып кұрметтеу я сыйлау , кіші тұтып еркелету, кем тұтып комсыну тэрізді эмоциялык эсер, экспрессивтік рең бере колданылатын формалары болады. Бұл формалар мен жай түрде айтылған сөз формалардың араларында өзара ерекшеленетін семантикалык айырмашылық болады.

Зат есімдердің көпшілігі өздерінің лексикалык мағыналарында жұмсалып, өздеріне тэн түрлену жүйелерін жэне сөйлемде өз алдарына дербес мүше болу қасиеттерін сактап отырады. Ал кейбір зат есімдер өздеріне тэн байырғы кызметтерінен жартылай айрылып, көбінесе көмекші сөздер, яғни көмекші есімдер есебінде жұмсалады.

Көмекші есімдер деп лексикалық магыналары бірде бүтіндей сакталып, бірде солгындап, өзге сөздермен тіркесу ерекшеліктеріне карай, синтаксистік жагынан кейде жеке-дара мүше есебінде кейде күрделі мүшенің кұрамындагы дәнекер элемент есебінде қодданьшып, морфологиялык жағынан зат есімдерше түрленіп отыратын жәрдемші сөздерді айтамыз. Көмекші есімдер сан жагынан көп емес, оларға: алды, арты, асты, үсті, жаны, касы, арасы, ортасы, іші, сырты, басы, беті, шеті, түбі, тұсы, маңы сиякты сөздер жатады.

Көмекші есімдердің негізгі сөздерге үстейтін косымша магыналары көбінесе көлемдік, мезгілдік катынастарды білдіреді. Көмекші сөздердің мағыналары каншалыкты солгындағанымен, шылау сөздердегідей бүтіндей я жартылай жоғалып кетпейді. Көмекші есімдер алдында тұрған ілік жалғаулы сөзбен әбден жымдасып, сонымен біртұтас семантикалық бірлік түзеді. Көмекші есім деп грамматикалык өзгеріске түсіп дерексіздену нэтижесінде заттык мағынасынан айрыла бастаған тәуелдік жалғаулы көбіне мекендік септіктерде колданылып, матаса байланысқан тіркестің екінші сыңары кызметінде жұмсалатын зат есімнің кеңістік мэнді ерекше бір тобын айтады. Лексикалык жагынан алганда, казақ тіліндегі көмекші есімдерді білдіретін мағынасына бір нэрсенің үстіңгі, астыңғы жағын, алдыңғы, артқы жағын, шеті мен жанын, айналасын, ішкергі тұсы мен ортанғы тұсын білдіретін ыңгайына қарай оларды шартты түрде горизанталь бағыттағы кеңістік қатынасты білдіретін, вертикаль бағыттағы кеңістік катынасты, көлемдік кеңістік катынасты білдіретін көмекші есімдер деп бөлінеді.

  1. Горизанталь бағыттағы кеңістік қатынасты білдіретін көмекші есімдерге: алды, арты, касы, жаны, маңы, тұсы, шеті, жан-жағы, айналасы, төңірегі секілді сөздер жатады.
  2. Вертикаль бағыттағы кеңістік қатынасты білдіретін көмекші есімдерге: асты, үсті, беті, түбі секілді көмекші есімдер кіреді.
0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля